Kategoriler
Kazinform

Назарбаев орталығы мен Өзбекстанның Ислам өркениеті орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 2021 жылдың 4 наурыз (ҚазАқпарат) – Ташкентте Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев пен Өзбекстан Министрлер Кабинеті жанындағы Ислам өркениеті орталығының директоры Шоазим Миноваров өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Меморандумның мақсаты – өркениетаралық және конфессияаралық диалог саласындағы ортақ жобаларды жүзеге асыру, толеранттылық пен келісім қағидаттарын дамыту. Тараптар дінаралық диалогты дамытудағы өзара тәжірибе алмасу, сондай-ақ екі мемлекет аумағында осы бағыттағы кездесулер, іс-шаралар, форумдар мен саммиттер ұйымдастыру мәселесі бойынша келісімге келді. Екі тарап та әлемнің тұрақты дамуының іргелі шарты әртүрлі конфессиялар, этностар мен мәдениеттер арасындағы диалог, сыйластық пен достық екенін алға тартты», – делінген Н.Назарбаев орталығы таратқан ақпаратта.

Н.Назарбаев орталығының басшысы Болат Сәрсенбаев діни және ғылыми сарапшылар қауымдастығының түрлі конфессиялық қатынастары саласындағы іргелі, қолданбалы зерттеу жобаларын дамытудағы рөлінің өсіп келе жатқандығын, діндер арасындағы толеранттылықты нығайту, сондай-ақ екі бауырлас ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту бойынша тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Болат Сәрсенбаев 2022 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі мен 2021 жылы өтетін съездің XIX хатшылық отырысына ҚР Парламенті Сенатының төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының жетекшісі Мәулен Әшімбаевтың басшылығымен, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму, Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен дайындық басталғанына ерекше назар аударды.

«Өздеріңіз білетіндей, Өзбекстан – біздің мемлекетіміздің маңызды серіктестерінің бірі ғана емес, бізге дос, бауырлас мемлекет. Қазақстан рухани білім беру, дінаралық диалогты ілгерілету, екі ел арасындағы тәжірибе алмасу саласындағы терең ынтымақтастыққа ерекше мән береді. Осы орайда, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың конфессиялар мен өркениеттер арасындағы диалогты қамтамасыз етудегі, халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімнің тиімді стратегиясын әзірлеудегі рөлін атап өту маңызды. Сондай-ақ, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін жан-жақты қолдағаны үшін ризамыз. Осы жылдар ішінде съезд жұмысы әртүрлі конфессия өкілдерінің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған тиімді құралға айналып үлгерді. Өзге елдер мен өркениеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы жемісті жұмысының арқасында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі шынымен де Қазақстанның танымал символы мәртебесіне ие болды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің идеяларын ілгерілету және оны диалогтың жаңа деңгейіне шығару жұмыстарын бірлесіп жалғастыру маңызды деп санаймын. Тек ынтымақтастық, бауырмалдық қасиеттері ғана бізге бүкіл әлемдік қоғамдастықтың әл-ауқатын жақсарту мен ортақ мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді», – деді Н.Назарбаев орталығының басшысы.

Назарбаев орталығы мен Өзбекстанның Ислам өркениеті орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Болат Сәрсенбаев Өзбекстанға жұмыс сапары барысында Өзбекстан мұсылмандары басқармасының төрағасы, мүфти У.Алимовпен, Өзбекстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ф.Арзиевпен, Палестина мемлекетінің Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохаммад Таршаханимен кездесті.

Назарбаев орталығы мен Өзбекстанның Ислам өркениеті орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Автор:

Марлан Жиембай

Kategoriler
Kazinform

Қазақстан Елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды

МӘСКЕУ, 2021 жылдың 4 наурыз (ҚазАқпарат) – Елші Ермек Көшербаев бастаған Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің делегациясы Мәскеудің Зеленоград әкімшілік ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №1912 орта мектепте болды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Еске алу рәсімі кезінде дипломаттар мектеп ауласында орнатылған батырдың бюстіне гүл шоқтарын қойып, Б.Момышұлы мен аты аңызға айналған Панфилов дивизиясына арналған мектеп мұражайының көрмесімен танысты.

Оқытушылармен және оқушылармен кездесуде Е.Көшербаев қазақ батырының есімін есте сақтағаны үшін ризашылығын білдіріп, бүгінгі бейбіт өмірге қандай қиындықпен келгенімізді ұмытпауға шақырды. Сонымен қатар, жас ұрпақты елдің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жанын қиған ерлердің ерлігі мен адалдығы үлгілері бойынша тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды

Өз кезегінде мектеп директоры Андрей Курсаков қазақстандық әріптестерімен соғыс батырларының есімін мәңгі есте қалдырудағы бірлескен жұмыстары туралы айтып берді. Атап айтқанда, жақында Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына орай тәжірибе және материалдар алмасу бойынша онлайн-конференция өтті. Сонымен қатар, мектеп музейінің көрмесін цифрландыру және жыл соңында қазақстандық мектептермен телекөпір ұйымдастырып, Мәскеу үшін болған шайқастың 80 жылдығын атап өту жоспарланып отыр.

8-сынып оқушысы Евгений Воробьевтің айтуынша, мектеп музейіне, Момышұлының өмірі мен қызметі туралы семинарларға тек өз оқушылары ғана емес, сонымен қатар жақын маңдағы мектептердің оқушылары да қатысады, ал өткен жылдың қараша айында Батырдың шайқастарының бағыттары бойынша экскурсия жасалды. «Мен Момышұлының жеке басына тәнтімін, ол көрнекті әскери және қоғам қайраткері болды. Оның әйгілі «Момышұлы спиралы» әскери тактикасына тек кеңес қолбасшысы Константин Рокоссовский ғана емес, сонымен бірге майдандағы қарсылас-неміс генералы Эрих Гепнер де жоғары баға берді», – деді Е.Воробьев.

Қазақстан Елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды

Мәскеу қаласындағы Зеленоград округіндегі №1912 мектепке Бауыржан Момышұлының есімі 2010 жылы Жеңістің 65 жылдығы мен батырдың 100 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің қолдаухаты бойынша берілді. Дәл осы мектепті таңдау Крюково кентінің маңында 1941 жылы Мәскеуді қорғау кезінде қанды шайқастар болғандығымен байланысты, онда құрамында Бауыржан Момышұлы соғысқан Панфилов дивизиясының жауынгерлері өшпес ерлік жасады. 2010 жылы Қазақстан Елшілігінің көмегімен Б.Момышұлы атындағы мектеп музейі құрылды, оның қола бюсті де осында орнатылды.

Қазақстан Елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды
Қазақстан Елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды
Kategoriler
Kazinform

ХХІ ғасырда әйелдер тұтас еліміздің дамуына ұйытқы болып отыр – Қасым-Жомарт Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН, 2021 жылдың 3 наурыз (ҚазАқпарат) – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі шаралар мен құралдар» атты конференцияға қатысушыларға бейнеүндеу жолдады. ҚазАқпарат видеоүндеудің толық мәтінін жариялайды.

Құрметті конференцияға қатысушылар, қымбатты ханымдар!

Шуақты көктем мерекесі қарсаңында өтіп жатқан бұл конференцияның баршамыз үшін маңызы зор.

Өйткені, аяулы аруларымыздың жетістіктері – бүкіл халықтың мерейі.

Бүгінде еліміздің қыз-келіншектері түрлі салада қызмет етіп, табысқа жетуде.

Бұл – Сіздерге тән еңбекқорлық пен іскерліктің айқын көрінісі.

Әйелдердің қоғамдағы рөлін кеңейте түсу – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі.

Осыған орай, нақты шаралар қолға алынды.

Қазір басшылық қызметтегі әйелдердің қатары көбейіп келеді.

Парламентте сіздер үшін арнайы квота берілді.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік бастамаларыңызды қолдау үшін бірқатар жобалар жүзеге асырылды.

Соның арқасында еліміздегі шағын және орта бизнес саласында еңбек ететін әйелдердің үлесі 43 пайыздан асты.

Жеке кәсіпкерлердің тең жартысынан көбі – өздеріңіз сияқты қыз-келіншектер.

Біз еліміздің дамуына белсене атсалысып жүрген осындай іскер аруларымызға жан-жақты қолдау көрсетеміз.

Таяуда әйелдер кәсіпкерлігін жандандыру мақсатымен еліміз бойынша 17 орталық ашылды.

Осы орталықтар сіздердің бизнестегі жаңа идеяларыңызды іске асыру үшін жұмыс жүргізетін болады.

Жалпы, бүгінгі басқосуда көптеген маңызды ұсыныстар айтылары анық.

Оның барлығы әйелдердің ел экономикасындағы рөлін арттыруға тың серпін береді деп сенемін.https://www.facebook.com/plugins/video.php?height=314&href=https%3A%2F%2Fweb.facebook.com%2F100003403233694%2Fvideos%2F3622262634563809%2F&show_text=false&width=560

В современных реалиях всесторонний прогресс государств во многом зависит от обеспечения прав женщин, создания необходимых условий для полноценной реализации их потенциала.

За годы Независимости мы добились серьезных результатов в этом направлении. Например, в Индексе гендерного развития ООН в 2019 году Казахстан занял 51-е место. В существующей классификации это неплохой показатель.

А в Индексе гендерного разрыва Всемирного экономического форума 2019 года по уровню участия женщин в экономике наша страна расположилась на 37-й позиции среди 153 государств.

Эти и другие общепризнанные мировым сообществом рейтинги наглядно показывают эффективность проводимой политики в данной сфере.

Понятно, что для Казахстана последовательное повышение международных показателей имеет важное значение. Однако это только одна из целей.

Біздің алдымызда тұрған негізгі міндет – әйелдерге ұдайы қолдау көрсету, олардың дамуына жан-жақты жағдай жасау.

Осы орайда, Елбасының бастамасымен қабылданған 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының мәні ерекше. Бұл маңызды құжат осы бағыттағы жұмысымызға айрықша серпін беріп отыр.

Еліміздегі әйелдер қауымы мемлекеттік қолдау шараларын белсенді пайдалануда.

Бүгінгі таңда жеке кәсібін дөңгелетіп, табысқа жеткен аруларымыз аз емес. Шағын және орта бизнесті меңгерген қыз-келіншектер де көп.

Соның айқын көрінісі – қазіргі індет кезіндегі дағдарысқа қарамастан, елімізде әйелдер қауымының экономикадағы рөлі артуда.

Іскер аруларымыздың арқасында 1 миллионнан астам азаматымыз тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Прекрасная половина Казахстана с каждым годом все активнее включается в общественно-политическую жизнь, участвует в государственном управлении и принятии решений. Это, безусловно, положительная тенденция.

Важный шаг в этом направлении мы сделали в прошлом году, когда по моему поручению была законодательно введена гендерная квота в избирательных списках политических партий.

Сложно переоценить вклад женщин в развитие социальной сферы. В условиях пандемии мы вновь убедились в том, какую большую роль вы играете в нашей жизни. Ведь зачастую именно медики, педагоги, социальные работники, находясь на передовой, лицом к лицу сталкиваются со всеми сложностями текущего периода.

Большинство наших женщин успешно совмещает профессиональную и общественную деятельность с высокой миссией хранительниц семейного очага и воспитания подрастающего поколения.

Поддержка материнства и детства, укрепление и развитие семейных традиций – это долгосрочные приоритеты социальной политики государства.

ХХІ ғасырда әйел, бір жағынан, сұлулық пен ізгіліктің бейнесі болса, екінші жағынан, тұтас еліміздің дамуына ұйытқы болып отыр.

Бір сөзбен айтқанда, аруларымызға тән ғажайып үйлесім, айрықша ұмтылыс, әр іске деген шығармашылық көзқарас, еңбекқорлық пен жауапкершілік – ұлтымыздың жаңа болмысын нығайтатын қасиеттер.

Баршаңызды алдағы Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Конференция жұмысы табысты болсын!

Kategoriler
Kazinform

Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсететін болды

НҰР-СҰЛТАН, 2021 жылдың 3 наурыз (ҚазАқпарат) – Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан Президентінің ресми сапары аясында келген қырғыз әріптесі генерал-майор Талайбек Өмірәлиевпен кездесті.

Тараптар әскери ынтымақтастықтың, өңірлік қауіпсіздіктің, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ шеңберіндегі көпжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Нұрлан Ермекбаев пен Талайбек Өмірәлиев Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсету, сондай-ақ 20212 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспары туралы келісімге қол қойды.

«Бүгінгі кездесу барысында қол жеткізілген уағдаластықтар қорғаныс саласындағы бұдан әрі тәжірибелік өзара іс-қимылға негіз болады деп сенемін», – деп Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы атап өтті.

Кездесу барысында екі елдің Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы, соның ішінде осы жылы Қазақстан аумағында «Аңырақай» бірлескен оқу-жаттығуын өткізу, биылғы Армия халықаралық ойындарының сайыстарына қатысу, арнайы операциялар күштерін даярлау іс-шаралары, сондай-ақ әскери білім шеңберінде әрі қарай өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген болатын.

Осы сапар аясында Қырғызстан басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

Сондай-ақ екі елдің басшылары келіссөздердің қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойды.

Kategoriler
Kazinform

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

НҰР-СҰЛТАН, 2021 жылдың 3 наурыз (ҚазАқпарат) – Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары АХҚО-ның Халықаралық соты және Арбитраж орталығының, Қаржылық қызмет көрсету жұмысын реттеу жөніндегі комитеттің, Ислам қаржысы мен бизнесі жөніндегі хабтың, Жасыл қаржылар орталығының жұмысымен танысты.

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

Сонымен қатар екі ел президенттеріне Экспат орталығының, АХҚО биржасының, Үздіксіз кәсіби даму бюросы мен Қаржы технологиясы хабының қызметтері туралы мәлімет берілді.

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровқа Қаржы орталығының бірқатар әзірлемелері, атап айтқанда, e-Justice электронды сот төрелігінің жүйесі мен TABYS мобильді қосымшасы таныстырылды.

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

Іс-шара соңында «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов келешекте АХҚО-ның филиалын Бішкекте, ал Қырғызстанның Инвестиция тарту жөніндегі агенттігінің өкілдігін Қаржы орталығында ашуды ұсынды.

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды
Kategoriler
Kazinform

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 2021 жылдың 2 наурыз (ҚазАқпарат) – Ақорда резиденциясында Қырғыз Президенті Садыр Жапаровты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін Құрмет қарауылы ротасының бастығы Қазақстан мен Қырғызстан президенттеріне рапорт берді. Мемлекет басшылары Құрмет қарауылының алдынан өтіп, шағын құрамда келіссөздер жүргізу үшін резиденцияның «Шығыс залына» барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың президент ретінде алғашқы мемлекеттік сапарын Қазақстаннан бастағанының маңызы зор екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді

– Бұл Қазақстанға деген үлкен құрмет. Сапарыңыздың рөлі, мағынасы айырықша деп айтуға болады. Себебі бұл сапар екі еліміздің арасындағы қарым-қатынастарға үлкен серпін береді. Шын мәнінде сапарыңыздың бағдарламасы ауқымды. Сондықтан біз бүгін ең өзекті мәселелер бойынша пікір алмасамыз. Құдай қаласа, екі халықтың мүддесіне сай тиісті келісімдерге қол жеткіземіз деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қырғыз байланыстары арасында дәстүрлі достықтың бар екеніне, сондай-ақ, Қырғызстан – еліміз үшін тек одақтас мемлекет қана емес, бауырлас мемлекет екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді

– Бұл дәстүрді жоғары бағалаймыз. Алдымызда тұрған міндетіміз осы дәстүрді жалғастыру, нығайту. Сондықтан бүгінгі келіссөздердің маңызы зор, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде, Қырғызстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанға мемлекеттік сапармен шақырғанына ризашылығын білдірді. Садыр Жапаров екі ел арасындағы қарым-қатынастардың терең екенін сипаттай отырып, қазақтың белгілі ақыны Жұбан Молдағалиевтің сөздерін еске алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді

– Мен қазақпын, қырғыз ол – туысқаным, Бірге тартқан тарланның құйысқанмын. Анамыз да қара көз бір қыз, бәлки, Бөліп берген егізге уыс нанын, – деп қазақ ақынының поэмасынан үзінді келтірді, Қырғыз Президенті.

Садыр Жапаров Қазақстан мен Қырғызстан арасында ынтымақ пен бауырластық орнап, ешқашан шешілмейтін мәселелер болмауы керек екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді

Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты өзіне ыңғайлы уақытта Қырғызстанға сапармен келуге шақырды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстан президенттері екіжақты стратегиялық серіктестіктің ауқымды мәселелері, атап айтқанда, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық, коронавирус індетіне қарсы бірлескен шаралар, мәдени-гуманитарлық бағыттар, сондай-ақ, Еуразиялық интеграция және көпжақты құрылымдар аясындағы байланыстарды талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді
Kategoriler
Kazinform

29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды

НҰР-СҰЛТАН, 2021 жылдың 2 наурыз (ҚазАқпарат) – 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстан тәуелсіздігін дүниежүзілік қоғамдастық мойындаған ел тарихындағы маңызды оқиғаға толы күн. 29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына 168-ші мүше-мемлекет атанды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

1945 жылы құрылған БҰҰ 76 жыл өтсе де бүгінде баламасыз әмбебап жаһандық ұйым болып қала береді және бүкіл адамзаттың мүддесі мен қажеттілігіне аянбай қызмет етіп келеді.

Тәуелсіздік алған кезден бері Қазақстан БҰҰ-мен табысты екіжақты әріптестік орнатып, Ұйым Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарын толық ұстанатынын көрсетті. БҰҰ-мен тиімді ынтымақтастықтың қалыптасуына жоғары деңгейдегі көптеген байланыстар ықпал етті. 1992 жылдан бері Қазақстан Республикасының Президенті Ұйымның Нью-Йорктегі штаб-пәтеріне 11 рет барып, Бас Ассамблеяның жоғары деңгейдегі жалпысаяси дебаттарында 9 рет сөз сөйледі. БҰҰ Бас хатшылары Кофи Аннан, Пан Ги Мун және Антониу Гуттериш елімізге бірнеше рет ресми сапармен келді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2011-2013 жылдары БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры қызметін атқарды.

Әр жылдары БҰҰ-ның мінберінен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Қазақстанның негізгі халықаралық бастамаларының қатарына Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру, БҰҰ-ның Орталық Азия экономикасы үшін арнайы бағдарламасын құру, 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау, Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру және т.б жатады.

29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды

Ұйымдағы мүшелігіміздің шарықтау шегі – Қазақстанның 2017-2018 жылдар аралығында Орталық Азияда бірінші болып БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесіне сайлануы болды. Бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі органға мүше болу Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы белсенді және жауапты серіктес ретіндегі беделін нығайтуға мүмкіндік берді.

Қазақстанның БҰҰ-мен екіжақты қарым-қатынасы тек әлемдік және аймақтық деңгеймен ғана шектелмей, елімізде де қарқынды дамып келеді. ҚР Үкіметінің БҰҰ-мен ынтымақтастығы 2021-2025 жылдарға арналған тұрақты даму жөніндегі ынтымақтастықтың Негіздемелік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асады. Ол үш бағыттағы жұмысты қамтиды: адами даму және тең қатысу; тиімді институттар, адам құқықтары және гендерлік теңдік; тұрақты қоршаған орта және инклюзивті экономикалық даму.

Қазіргі уақытта Қазақстанда Ұйым жүйесінің 23 құрылымы жұмыс істейді.

2019 жылдың 1 мамырында ҚР Президентінің қатысуымен Алматыда БҰҰ жүйесінің 16 ұйымы орналасқан халықаралық ұйымдардың жаңа ғимараты ашылды.

29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды
29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды
29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды
29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды
Kategoriler
Kazinform

Эксклюзив: Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен сұхбат

БІШКЕК, 2021 жылдың 1 наурыз (ҚазАқпарат) – 2-3 наурызда Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың тұңғыш рет Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарланып отыр.

Осы сапар қарсаңында Қырғыз басшысы «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ Басқарма төрағасыАсқар Умаровқа эксклюзив сұхбат берген болатын. Сұхбаттың видео және мәтіндік нұсқасын агенттік оқырмандарының назарына ұсынамыз.

– Құрметті Президент мырза! Ең алдымен сұхбат алуға келісім бергеніңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Биылғы қаңтар айында Қырғызстанда президенттік сайлау өтті. Сіз жеңіске жеттіңіз! Жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

– Рақмет!

– Осы сайлау Сіз үшін қалай болды? Сайлау науқаны несімен есіңізде қалды? Осыдан жарты жыл бұрын «Қырғыз елін басқарамын» деген ой болды ма, Сізде?

– Жақсы сұрақ екен. Жарты жыл емес, шынымды айтайын, бала кезімде осындай бір арманның жетегінде едім. Атам мен әжем үнемі КОКП съезін теледидардан қарап отыратын. Жақын бір туысымыз ол кезде Жоғарғы Кеңеске депутат еді. КПСС съезі болған сайын «Мәскеуге съезге барамын» деп кететін. Содан атам мен әжем теледидар көрсе, 4-5 сынып оқитын кезім болса керек, мен де қызығып қарайтынмын. Ол уақытта – Брежнев. Брежнев сөйлеп жатса «мен де Брежневтей боламын» дейтінмін, осындай бір ішкі арманым болды. Тағдыр екен, 2005 жылы, осыдан 16 жыл бұрын бұрын Парламентке депутат болып сайландым. Сол күннен бастап жемқорлықпен күресіп келемін. Өздеріңіз де білесіз, бізде жемқорлық 30 жылдан бері бүгінгі күнге дейін күш алып кеткен. Сондықтан еліміз осы жолы да төңкеріс жасады. Бұл сол шенеуніктердің жемқорлыққа малынып кеткенінің салдары еді. Одан кейінгі мәселе бізде кедейлер мен байлардың арасы тым алшақтап кетті. Соның кесірінен, себебінен революция болды, бізде. 2012 жылы бірінші рет қамауға алындым. 9 ай қамауда жаттым. Бірақ сотта ақталып, таза адам болып шықтым. Соған қарамастан қуғын-сүргін жалғаса берді. Соның кесірінен шет елге шығып кеттім. Қазақстанда, Ресейде, Еуропада жүрдім. 2017 жылы президенттік сайлауға қатысамын деп еліме қайта келген едім. Келген бойда Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасынан ұстап алып, қайта қамап қойды. Сонымен 3,5 жыл өмірім түрмеде өтті. Өткен жылдың қазанында өздеріңіз білетіндей толқулар болып, халықтың жәрдемімен түрмеден босап шықтым. Шынымды айтайын, мен билікке келгеніме мен ешқандай да қуанған жоқпын.

Сіз «6 ай бұрын Президент боламын деп ойладыңыз ба?» деп сұрадыңыз ғой. Ойлап жүргенмін. Уақыты келгенде Президент боламын деген мақсатым болды. Бірақ, қашан екенін білмейтінмін. Былтырғы қазан айындағы толқулардың нәтижесінде сол биліктің тізгіні қолыма тиді. Бірақ, мен Президент болғаныма сүйінген емеспін. Ең алдымен елімде қан төкпей, бейбіт жолмен, мародерлікке жол бермей, кедейлер мен байларды қақтығыстырмай, қантөгіссіз тыныштық сақтап қалғаныма сүйінемін. Президент болғаныма емес, тыныштықты сақтап қалғаныма сүйінемін.

– Президент болып сайландыңыз. Жақында Ресей Федерациясына сапармен барып келдіңіз. Енді мемлекеттік сапармен Қазақстанға бара жатырсыз. Неге таңдауыңыз осы екі мемлекетке түсті және Қазақстанға қандай ұсыныспен бара жатырсыз?

 Президент болып сайланғаннан кейін Қасым-Жомарт Кемелұлы алғашқылардың бірі болып мені шақырды. Сонда сөз бердім. Орталық Азия мемлекеттері арасында ең алдымен Қазақстанға бара жатқанымның себебінің бірі де сол. Екінші, біз қазақ-қырғыз – бір туған, көршілес елміз. Бізді екі мемлекеттің көптеген мүдделері біріктіріп тұр. Сондықтан бір туған, бауырлас елге сапармен бара жатырмын. Бірінші сапарымның Ресейге болған себебі – бізде тез арада қол қою үшін дайын тұрған хаттамалар, келісімдер бар еді. Енді Құдай бұйыртса, 2-3 наурыз күндері Қазақстанға, сіздерге мемлекеттік сапармен қонаққа барайын деп отырмын. Одан кейін Өзбекстан мемлекетіне сапарым жоспарланған. Кейін Қытай мемлекетіне, Түркия мемлекетіне де жоспар бар. Біз барлық мемлекетпен байланысымызды өте жоғары деңгейге жеткізу үшін үлкен күш-әрекетімізді жұмсауымыз керек. Саясатымыз сол.

– Рас, біз бауырлас мемлекетпіз. Соңғы 25 жылда арамызда біраз құжатқа, келісімшартқа да қол қойылды. Біраз мәселе шешілді. Енді Қазақстанмен қарым-қатынаста сол сабақтастықты ұстанасыз ба?

– Біз қазақ-қырғыз бір туғанбыз. Егер қазақ пен қырғызды қатар қойып тұрып, қайсысы қазақ, қайсысы қырғыз деп сұрасаңыз, ешкім айыра алмайды, таңдай алмайды. Сіз бен мені қазір қатар қойып, танымайтын адамнан «қайсысы қазақ, қайсысы қырғыз» деп сұрасаңыз ажырата алмайды. Сондықтан бізде Қазақ мемлекетімен келіссөздерде, қандай да бір келісімдерге қол қоюда, не болмаса өз арамызда мәселелер туындап қалған жағдай болса да ешқандай дау-дамай болмауы керек. Өйткені, біз бауырлас халықпыз. Бір-екі күндік өмірмен жоспар құрмағанымыз дұрыс емес. Қазақстанға барғанда бірқатар келісімдерге, екі мемлекеттің арасында болып жатқан мәмілелерге қол қоямыз. Бірақ, бізде шешілмейтін бірде-бір мәселе болмауы керек.

– Сіз Қазақстан мен Қырғызстан арасында шешілген сұрақтар көп екенін айттыңыз. Ал шешілмеген сұрақтар бар ма?

– Шешілмеген сұрақтар жоқ. Майда-шүйде мәселелер болса өзара келіссөздер арқылы шешіп аламыз.

Эксклюзив: Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен сұхбат

– Қазақстан мен Қырғызстан біраз халықаралық ұйымның мүшесі. Олардың ішінде екі ірі ұйым бар: Еуразиялық экономикалық одақ пен Шанхай ынтымақтастық ұйымы. Менің сұрағым осы екі ұйым ішінде Қазақстан мен Қырғызстанның көзқарастары қандай мәселеде ортақ?

– Жалпы ЕАЭО, ШЫҰ, ҰҚШҰ, ТМД ұйымдары арасында көптеген мәселелер баршылық. Бірақ, барлық мәселелерде қазақ пен қырғыздың мүддесі ортақ. Мәселелердің 90 пайызында екі елдің мүддесі ұқсас. Әрдайым Қырғыз пен Қазақ ортақ мүддемізді қорғаймыз, ұстанымыз да бір болады. Екі ел ЕАЭО, ШЫҰ-да бір-бірімізбен кеңесіп әрекет етіп келеміз. Бұл ісіміз алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермекші.

– Тәуелсіздік алғаннан бері Орталық Азия интеграциясы туралы сарапшылар мен саясаттанушылар көп әңгіме айтады. Сіздің Орталық Азия интеграциясына көзқарасыңыз қандай?

– Орталық Азия интеграциясы 2000 жылдан бері сөз болып келе жатыр. Маған жеткен мәлімет бойынша Өзбекстан мен Түрікменстан жақын арада Орталық Азияның интеграциясына қатысты конференция өткізетін секілді. Біз конференцияны Бішкекте өткізуді ұсынбақшымыз. Жалпы Орталық Азия мемлекеттері бір-бірімен үнемі интеграциялық байланыста болуы, байланысып тұруы керек. Өңірде біздің мемлекеттер бір болмасақ, шашыранды ел болсақ оның салдары теріс жайттарға алып келуі мүмкін. Сондықтан Орталық Азия мемлекеттері барлық уақытта бір-бірімізбен жақын байланыс ұстанып, бірге болуымыз керек деп ойлаймын.

– 2005 жылдан бастап Қазақстаннан Қырғыстанға тау-кен, коммуникация сынды салаларға шамамен 1 млрд долларға жуық инвестиция құйды. Біздің кәсіпкерлер Қырғызстанда жұмыс істейді. Екі елдің арасында экономикалық қарым-қатынас бар. Қазақстан инвестициясы бойынша Сіздің саясатыңыз қандай?

-Билікке келгеннен кейін, біз барлық инвесторларды қорғауға ала бастадық. Енді сол қорғауды толыққанды жүзеге асырамыз. Біздің ел Президенттік басқару формасын таңдады, білесіздер. Соған орай жаңа Конституция қабылданады. Одан кейін жаңа заңдар жазылады, жаңа Парламент сайланады. Бүгінде Үкіметтің жанында Инвесторлар тарту және олардың мүдделерін қорғау жөніндегі агенттік бар. Қазір бұл агенттік Үкіметке қарайды. Ал жаңа Ата заң қабылданғаннан кейін бұл агенттіктің деңгейін көтеріп, оны Президентке тікелей бағынатын ұлттық агенттікке айналдырамыз. Барлық инвесторлар сол агенттікпен тікелей жұмыс істейді. Егер қандай да бір органдардан инвесторларға қысым жасалған болса, онда агенттік инвесторлардың мүддесін қорғайды. Бұл менің жеке құзыретімде болады. Инвесторлар мемлекетпен 20-30 жылға келісім жасайды. Ертең не арғы күні билік алмасып кетсе де инвесторлар жұмысына кепілдік болуы керек. Өйткені, мемлекет өзінің ұстанымынан таймауы тиіс. Инвесторлармен ұзақмерзімді келісімшарт жасасқаннан кейін, олардың сол мерзімі аяқталғанға дейінгі мүддесін мемлекет қорғауы керек. Бүгінде Таласта, Ала-Бұқа шатқалында, жалпы Қырғызстан аумағында қазақ инвесторлары жұмыс істеп жатыр. Жасырын емес, бұған дейін инвесторларды қинау, мүліктерін алып қою, қандай да бір іс қозғау сынды жайттар болған. Енді осындай келеңсіздіктер болмауы үшін осындай ұлттық агенттік құруды ниет етіп отырмын. Алдағы уақытта қазақ инвесторларын ғана емес, барлық дүниежүзінен келген инвесторларды Президенттің өзі ұлттық агенттік арқылы қорғауға алады.

-Трансшекаралық өзендер тақырыбына көшсек, бұған қатысты Сіздің көзқарасыңыз қандай? Ондай проблеманы шешудің қандай жолы бар?

– Қазір дүние жүзінде су тапшылығы орын алып отыр. Бізде де проблема жоқ емес. Айта кетерлігі, біздегі Тоқтағұл су қоймасындағы жағдай осылай кете берсе, онда ендігі жылы катастрофаға алып келетіндей ахуалға айналатыны да шындық. Сондықтан да, біз қазір Қазақстан мен Өзбекстаннан электр энергиясын импорттауды қарастырамыз. Қазақстан Республикасы 900млн-1 млрдқа жуық Квт электр энергиясын бізге импорттауға дайын екенін айтты. Өзбекстанмен де келіссөздер жүріп жатыр. Бұның себебі айтайын, егер біз қазір сіздерден электр энергиясын алмасақ, онда бізге жиналған суды жіберіп, сол арқылы өз елімізді электрмен қамтамасыз етуге тура келеді. Сол су жіберудің кесірінен вегетациялық кезеңде өзбекке де, қазаққа да, ешкімге де су жетпей қалады. Өйткені, Тоқтағұл су қоймасында су азайып кетеді. Яғни, біз өзіміз электр өндіруге кіріссек, оның соңы осылайша болуы мүмкін. Сондықтан да, Қазақстан мен Өзбекстаннан энергияны импорттауға тиіспіз. Бұл бәрімізге де оңтайлы. Соның нәтижесінде көршілес мемлекеттер арасындағы міндеттемелерімізді вегетациялық кезеңде атқарамыз деп үміттенеміз.

 Ал трансшекаралық логистика бойынша Қырғызстанның бөлек саясаты бар ма?

– Қырғызстан батыс пен шығысты біріктіріп тұрған Ұлы жібек жолының дәл ортасында тұр. Сондықтан қандай да бір трансқатынастық байланыстар болса онда біз әрдайым барлық өлкені біріктіріп тұрған аймаққа айналымыз деген үмітім бар. Бұл бағыттағы біздің ұлттық жоспарымыз – Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолы. Біздің түстік аймақпен өтеді. Бұл өзі Орталық Азияны өзара, ал Азия аймағын Еуропамен байланыстыратын темір жол болады. Сол темір жолды салсақ Ұлы жібек жолын одан ары өркендетуді жолға қоя аламыз деп сенеміз. Бұл мемлекетіміздің сыртқы басымдығы.

– 2 наурызда сапарыңыз барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен не жайында сөйлесесіз? Шет жағасын ашып бере аласыз ба?

– Бұл бірінші Қазақстанға Президент ретінде жасайтын алғашқы сапар болғандықтан бауырластық байланысты қуаттау үшін, ресми шақыртумен мемлекеттік сапарға бара жатырмын. Қазақ пен қырғыздың арасында шешілмейтін мәселе болмайтындығын тағы да қайталап айтқым келеді. Барлығы келіссөздер жолымен шешіледі. Әлбетте, келісімдерге қол қоямыз. Қазақ мемлекетінің де, Қырғыз мемлекетінің де мүддесіне сай келетін келісімдерді рәсімдейміз. Ондай мәселе көп. Оның бәрін айтып отырмайын.

Эксклюзив: Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен сұхбат

– Қырғыз бұқаралық ақпарат құралдары, сайттарын, Фейсбукті қарап, оқып отырамыз. Сізді қазір қатал басшы деп есептейді. Мұндай имидждің қалыптасуы немен байланысты болды?

– Бәлкім сырттай қарағанда қатал көрінетін шығармын, бірақ өзім жұмсақ адаммын. Бізде қазір заң барлық жерде жұмыс істейді. Мен барлығына – министрлерге, Премьер-Министрге, күштік құрылымдарға, барлығына тек заң аясында әрекет етіңдер деп айтамын. Жемқор болса, қылмыс жасаса іс басындағы болсын, бұрынғы басшы болсын жазасын алсын деймін. Егер жала жауып қамап қойған болсаң, онда өзің жазаға тартыласың деп айтамын. Сондықтан қазір бізде заң, жүйе жұмыс істей бастады. Қатал басшы деген ойыңыздың түп төркінін түсініп тұрмын. Премьер-Министрлер, министрлер, басшылар және басқа да үлкен шенеуніктер қамалып жатыр. Соны меңзеп сауал қойып отырғаныңызды түсінемін. Бізде 30 жылдан бері жемқорлықтың тамыры тереңге кеткен. Қырғызстан бойынша 300 адам мен олардың отбасы әбден байып, ал қалғаны әдбен кедейленген. Соның салдарынан бізде үшінші рет революция болды. Бұл бірінші себебі. Екінші себебі – таза емес, әділетсіз сайлаулардан шығып отыр. Сондықтан біз бұған дейінгі президенттердің қателігін қайталамай таза сайлау өткізейік деп әділ сайлау жасадық. Жақында жергілікті сайлаулар да болады, референдум өтеді. Оны да таза өткіземіз. Одан кейін күзде Парламенттік сайлау болады. Біздің заңдар да толыққанды жұмыс істеуі тиіс. Заң президенттен бастап қолына кетпен ұстаған диқанға дейін – барлығына бірдей болуы қажет. Қазір біз сол заңдылықты, әділеттілікті орнатып жатырмыз. Әрине, мұның барлығын бір жылдың ішінде жіпке тізгендей қылып, кемшіліксіз алып кете алмаймыз. Өйткені, бұны түзеу үшін 2-3 жылдай уақыт керек. Әлбетте кемшіліктер бар. Ондай болмай қоймайды да. «Ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді» дейді ғой. Онша-мұнша кемшілік болары сөзсіз. Бірақ, біз оны бірден түзетуге барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз.

– Сыртқы саясат жайында сөз қозғасақ. Енді Қырғызстанның сыртқы саясаты қандай болмақ?

– Біз бірінші кезекте көршілес мемлекеттермен бауырластық байланыстарын жалғастырамыз. Бұл ретте қырғыз бен қазақта: «алыстағы ағайыннан жақындағы көрші артық» деген жақсы сөз бар. Сол жақын көршілермен бірінші кезекте жақсы байланысымызды дамытуға тиіспіз. Ал қалған мемлекеттермен, мәселен Ресеймен одақтас, стратегиялық серіктеспіз. Олармен де жақын байланыста боламыз. Еуропа, Америка, жалпы барлық мемлекетпен біз теңдей дәрежені ұстана отырып, екі тараптың мүдделерін ескере отырып, қарым-қатынас жасайтын боламыз.

-Әрине, бос уақытыңыз жоқ екендігін жақсы түсінемін. Президенттік қызметке енді кірістіңіз. Дегенмен, Қырғыз Президенті бос уақытын қалай өткізеді екен?

– Дұрыс біліп отырсыз, қазір бос уақытым жоқ. Баспасөз хатшым мен кеңесшіме: «мені аямайсыңдар, бәрі тығыз, бос уақыт бермейсіңдер» деп ренішімді білдіріп жатамын. Бірақ, әзірше қолым қалт еткенде бассейнге барып жүрмін. Күн жылынғанда футбол мен үлкен теннис ойнаймын. Қазір бос уақытым аз.

Эксклюзив: Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен сұхбат

– Қазақстан халқына қандай тілек айтар едіңіз?

– Қазақ халқына ынтымақ, жақсылық, тыныштық тілеймін! Әлбетте, мойындауымыз керек – қазақ халқы бүгінде бізге қарағанда бірнеше жыл алға кеткен мемлекет. Мұнан да алға ілгерілей бергенін тілеймін. Өйткені, сіздерде бәрі жақсы болса, Қырғызстанда да сондай болатындығы сөзсіз. Біз бауырлас халықпыз. Еш уақытта бір-бірімізді тастаған емеспіз. Оған тарих дәлел. Қазақтың басына күн түскенде қырғыз көмек көрсеткен, қырғыздың басына қиындық туғанда қазақтар жәрдем берген. Тарихтан мысалға алсақ, 30-шы жылдары ашаршылық болғанда, қазақ бауырластардың көпшілігі бізге ауып келді. Сонда бір кесе талқанымыз болса, соның жартысын қазаққа беріп, аштықтан сақтап қалғанбыз. Менің туған ауданымда оншақты қазақ ауылы бар. Барлығында қазақтар тұрады. Бірақ, 100 жылдан асып кетті ғой, содан бері бізбен бірге өмір сүріп, бір туғандай араласып келеміз. Осындай сәттерде, қиын мезгілде бір-біріне жәрдем берген, әрқашан бір-бірін қолдаған халықпыз. Сондықтан қазақ бауырларға тілерім – жақсылық, өсіп-өне берсін, ел-жұртында тыныштық болсын!

– Бауырлас елдеріміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Урматтуу Президент, Сізге чоң рахмат!


Автор:

 Марлан Жиембай

Kategoriler
Kazinform

Бүгін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Өмірбек Жолдасбековке 90 жыл толды

АЛМАТЫ, 2021 жылдың 1 наурыз (ҚазАқпарат) – Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы, осы жоғары оқу орнында 1970-1986 жылдары аралығында 16 жыл ректор болған Өмірбек Жолдасбековтің 90 жылдық мерейтойына арналған іс шаралар басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Университет ректоры Жансейіт Түймебаев бастаған жоғары оқу орнының басшылығы, ғылыми қоғам өкілдері, Өмірбек Жолдасбековтің отбасы мүшелері, кезінде бірге жұмыс істеген әріптестері, дос-жарандары, шәкірттері және студенттер академикті еске алып, рухына тағызым етіп ескерткішіне гүл шоғын қойды.

Осы жерге жиналған қауым алдында сөйлеген сөзінде Ж.Түймебаев университетте бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан түрлі жобалардың кезінде Ө. Жолдасбеков бастап кеткен игі істердің заңды жалғасы екендігін атап өтті.

«Өмірбек Жолдасбеков ғылым мен қоғамдық жұмыстарды қатар алып жүрген көрнекті тұлға болған. Ол Қазақ ұлттық университеті қалашығының негізін қалап, оны әлемдік деңгейге көтеріп кетті. Ол кісінің ғылыми мектебі қазіргі таңда да жемісті еңбек етіп келеді. Ал өмір жолы, сіңірген еңбектері бүгінгі ұрпаққа қашанда үлгі», -деді университет ректоры.

Сонымен қатар, мерейтой аясында Ө.А. Жолдасбеков атындағы стипендияларды тапсыру рәсімі, математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық байқауы өтеді.

Бүгін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Өмірбек Жолдасбековке 90 жыл толды

Қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) Құрметті профессоры, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков 1931 жылы 1 наурызда Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қызылсу ауылында дүниеге келді.

1954 М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

Бүгін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Өмірбек Жолдасбековке 90 жыл толды

1954-1958 жылдары – Қазақ химия-технология институтының оқытушысы, аға оқытушысы, механика факультетінің деканы. 1958-1962 жылдары – Мәскеу тоқыма институтының аспиранты, ассистенті. 1962-1970 жылдары – Қазақ политехника институтының (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, деканы, проректоры.

1970-1986 жылдары – Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) ректоры. Қазақ мемлекеттік университеті қалашығының салынуына ұйытқы болып, көптеген жаңа кафедралардың ашылуына басшылық жасады. 1986-1988 жылдары – Қазақ мемлекеттік университетінің қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі. 1988-1994 жылдары – Қазақстан Ғылым Академиясының Механика және машинатану институты зертханасының меңгерушісі, директоры, құрметті директоры.

Бүгін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Өмірбек Жолдасбековке 90 жыл толды

1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Ғылым, блім және жаңа технологиялар жөніндегі комитетінің төрағасы. 1995-1996 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. 1996 жылдан өмірінің соңына дейін Парламент Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

Ол 1991 жылы Халықаралық инженерлік академияның вице-президенті, 1993 жылы Ислам елдері инженерлік академиясының вице-президенті, 1997 жылы Америка инженер-механиктер қоғамының мүшесі болып сайланған. Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының негізін қалап, оның тұңғыш президенті болды.

1970 жылы Өмірбек Арысланұлы 39 жасында С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды. Ол басқарған жылдары оқу орны КСРО-да үздіктер қатарына қосылып, ЖОО әлемдік қауымдастығына танылды. Ғалым бар ғұмырын машина мен механизмдердің ғылыми теориясын зерттеуге арнады. Нәтижесінде өндірістің әртүрлі салаларында пайдаланылатын тиімділігі жоғары жаңа көтергіш және тиеу құрылғылары мен роботтар пайда болды.

Бүгін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Өмірбек Жолдасбековке 90 жыл толды

Ө.Жолдасбеков 30 оқулық пен оқу құралдарын, 400-ден аса ғылыми жұмыс пен 8 монография жазған.120 авторлық куәләндыру мен шетелдік патенттердің авторы. Сонымен қатар, академик ғалымдардың арасында алғашқылардың бірі болып ғылыми терминологияны қазақ тіліне аударды.


Автор:

Алма Мұқанова

Kategoriler
Kazinform

Қазақстанда бүгін – Алғыс айту күні

НҰР-СҰЛТАН, 2021 жылдың 1 наурыз (ҚазАқпарат) – Қазақстан халқы бүгін Алғыс айту күнін атап өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғыс айту күні – бейбітшілік пен достыққа, тыныштық пен ынтымаққа үндейтін мереке. Бұл кеңқұшақ құрмет – еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Алғыс айту күні халқымыз үшін айтулы ізгі дәстүрге айналды.

Қазақстан халқы бүгін тарихында алтыншы рет Алғыс айту күнін атап өтеді.

2016 жылдың 14 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жарлыққа қол қойып, оған сәйкес, 1 наурыз – елімізде Алғыс айту күні деп жарияланды.

Айта кетерлігі, дәл осы 1 наурыз күні елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын.

Н. Назарбаев 2015 жылдың 22 сәуірінде Ассамблеяның XXII сессиясында Алғыс айту күнін белгілеуге не түрткі болғанын тарихпен байланыстыра отырып айтып берген еді. Тұңғыш Президент сталиндік режім кезінде Қазақстанға көптеген халықтар жер аударылғанын – 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халқының өкілдері, 18,5 мың Қиыр Шығыстағы корей отбасылары көшіп келуге мәжбүр болғанын еске салған болатын.

Тағдырдың тәлкегімен елімізге қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, ауыртпалық атаулыны бірге көтерді. Бұл күн – қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш-қайғыны бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын күні.


Автор:

Руслан Ғаббасов