210218175250581a3754889i

Аюсай шатқалындағы ағаштардың кесілу себебі анықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық жасыл экономика басқармасы Аюсай шатқалындағы ағаштардың кесілуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жасыл экономика басқармасының мәліметіше, «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі Аюсай сағасынан төмен Үлкен Алматы өзенінде селден қорғайтын бөгет салып жатыр. Осыған байланысты жасыл желекті отаған. Алайда,басқарма ағаштарды кесуге рұқсат бермеген.
«Әлеуметтік желілерде пайда болған 5000 ағаш кесілді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Басқарма қызметкерлері Ботаникалық бақтың дендрологтарымен бірге бірнеше рет кесілген ағаштардың санын және түрін анықтау үшін учаскеге барды. Мамандардың айтуынша, қысқы уақытта кесілген ағаштар мен бұталардың санын есептеп шығару қиын болды», – деп хабарлады басқармадағылар.

Аралық зерттеу нәтижелері бойынша, 32 мың шаршы метрді құрайтын аумақта ағаштар заңсыз кесілгені анықталды.
Ботаникалық бақ ұсынған мәліметерге сәйкес, Аюсай шатқалында раушан гүлі, шырғанақ, бөріқарақат, қайың, терек, долана, алма, ақ тал кесілген.

«Жасыл желектерді күтіп-ұстау мен қорғаудың стандартты ережелерін бұзғаны үшін жауаптылар жиырма еселік көлемде өтемақы отырғызуы керек. Яғни, 23780 жасыл желек отырғызылуы тиіс. Айта кету керек, Үлкен Алматы өзені бассейніне, Аюсай шатқалына және Ақсай өзенінің бассейніне селден қорғайтын бөгеттер қажет. Бұл өте маңызды. Өйткені 300-ге жуық әлеуметтік және өндірістік нысандар, сондай-ақ 30 мың адам тұратын тұрғын үйге қауіп бар. Ақсай өзенінің бассейнінде селден қорғайтын бөгет жоқ «, – деп атап өтті жасыл экономика басқармасы.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараттарына сәйкес, бөгет елді мекендерді селден қорғайды.

Жасыл экономика басқармасы, тергеу жұмыстары жалғасатынын және аяқталғаннан кейін нәтижелер туралы толық ақпарат беретіндерін жеткізді.

Bu makaleyi paylaş

Share on facebook
Share on google
Share on twitter
Share on linkedin
Share on pinterest
Share on print
Share on email