22

Түркістанда Түркітілдес Мемлекеттер басшыларының саммитіне дайындық басталды

ТҮРКІСТАН, 2021 жылғы 19 ақпан (ҚазАқпарат) – Түркістан облысында Түркітілдес Мемлекеттер басшыларының саммитіне дайындық басталды. Бұл туралы өңір әкімі Өмірзақ Шөкеев халық алдында берген есебінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халқымыз үшін елеулі оқиға орын алғалы тұр. Елбасының тапсырмасына сәйкес, наурыз айында Түркістан қаласында өтетін Түркітілдес Мемлекеттер басшыларының саммитіне дайындық жұмыстары басталды. Бұл шара – күллі Түркі халқының рухани-мәдени орталығы – Түркістан қаласының туризмін жаңа бағытта дамытуға, туристердің көптеп келуіне ықпал етеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Әрбір халық, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің рухани орталығын нақтылап алуы керек. Қазақстанның рухани орталығы – Түркістан. Ол – Қазақ елінің рухани жүрегі. Баршаңызды облысымыз бен Түркістан қаласын қайта түлетіп, дамуы үшін өз үлестеріңізді қосуға шақырамын», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Автор:

Айнұр Ақбаева

Bu makaleyi paylaş

Share on facebook
Share on google
Share on twitter
Share on linkedin
Share on pinterest
Share on print
Share on email