22

Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсететін болды

НҰР-СҰЛТАН, 2021 жылдың 3 наурыз (ҚазАқпарат) – Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан Президентінің ресми сапары аясында келген қырғыз әріптесі генерал-майор Талайбек Өмірәлиевпен кездесті.

Тараптар әскери ынтымақтастықтың, өңірлік қауіпсіздіктің, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ шеңберіндегі көпжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Нұрлан Ермекбаев пен Талайбек Өмірәлиев Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсету, сондай-ақ 20212 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспары туралы келісімге қол қойды.

«Бүгінгі кездесу барысында қол жеткізілген уағдаластықтар қорғаныс саласындағы бұдан әрі тәжірибелік өзара іс-қимылға негіз болады деп сенемін», – деп Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы атап өтті.

Кездесу барысында екі елдің Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы, соның ішінде осы жылы Қазақстан аумағында «Аңырақай» бірлескен оқу-жаттығуын өткізу, биылғы Армия халықаралық ойындарының сайыстарына қатысу, арнайы операциялар күштерін даярлау іс-шаралары, сондай-ақ әскери білім шеңберінде әрі қарай өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген болатын.

Осы сапар аясында Қырғызстан басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді.

Сондай-ақ екі елдің басшылары келіссөздердің қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойды.

Bu makaleyi paylaş

Share on facebook
Share on google
Share on twitter
Share on linkedin
Share on pinterest
Share on print
Share on email