TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Kazakistan
Павлодар қазақ театры Түркияда өтетін фестивальге қатысады

ПАВЛОДАР. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат - Ж.Аймауытов атындағы Павлодар қазақ музыкалық-драма театрының әртістері Түркияға барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шығармашылық ұжым осы елдің Мәдениет министрлігінен түріктілдес театрлардың ІІ Халықаралық фестиваліне қатысу туралы шақыруын алды. Павлодарлық әртістер Кония қаласындағы мемлекеттік театрдың сахнасында сәуірдің 16-сында өнер көрсетеді.
Фестивальде орындалатын «Айман-Шолпан» спектаклі – өнер өкілдеріне Мысырда өткен фестивальде жеңіс әкелген болатын.

Pavlodar qazaq teatrı Türkïyada ötet³n festïvalge qatısadı

PAVLODAR. Nawrızdıñ 4-³. QazAqparat - J.Aymawıtov atındağı Pavlodar qazaq mwzıkalıq-drama teatrınıñ ärt³ster³ Türkïyağa baradı, dep xabarlaydı QazAqparat t³lş³s³.
Şığarmaşılıq ujım osı eld³ñ Mädenïet mïnïstrl³g³nen tür³kt³ldes teatrlardıñ ²² Xalıqaralıq festïval³ne qatısw twralı şaqırwın aldı. Pavlodarlıq ärt³ster Konïya qalasındağı memlekett³k teatrdıñ saxnasında säw³rd³ñ 16-sında öner körseted³.
Festïvalde orındalatın «Ayman-Şolpan» spektakl³ – öner ök³lder³ne Mısırda ötken festïvalde jeñ³s äkelgen bolatın.

 
Наурыз мейрамы үш күн тойланып, Конституция күні ұлттық мереке ретінде жарияланады, ал Республика күнінің мәртебесі өзгертіледі – заң жобасы

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР мерекелер туралы заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.
Заң жобасы бойынша Наурыз мейрамын наурыздың 21-23-і аралығында тойлау, Конституция күнін ұлттық мереке ретінде жариялау және Республика күні мәртебесін өзгерту көзделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы өткен жылы қазақ үшін қадірлі болып табылатын «Наурыз мейрамын» жаңа тұрпатта мерекелеу қажеттігін айтып, осы іске бастама көтерген болатын. Осыған орай, Әділет министрлігі «ҚР мерекелер туралы» заңына өзгерістер енгізген. Ол бойынша заң жобасында наурыздың 22-сінің орнына наурыздың 21-і мен 23-і аралығын «Наурыз мейрамы» мемлекеттік мерекесі деп белгілеу көзделді. Наурыз мейрамын үш күн бойы мерекелеу оның жалпы адамзаттық құндылықтарды бекітудегі маңызын, Қазақстан халқының бірлігін нығайтудағы рөлін мойындау болып табылады.
Заң жобасын талқылау барысында депутат Кенжеғали Сағадиев үш түзету енгізді. Атап айтқанда, депутат ұсынысы бойынша Конституция күні (тамыздың 30-ы) мерекесінің мемлекеттік мәртебесіне ұлттық мейрам мәртебесін беру сондай-ақ, Тәуелсіздік күніне (желтоқсанның 16-сы) мемлекеттік мереке мәртебесін беру қарастырылады. Сонымен бірге, мерекелер тізбесінен Республика күнін (қазанның 25-і) алып тастау көзделеді. «Республика Конституциясы біздің мемлекетіміздің негізгі Ата заңы болып табылатындықтан бұл күн ерекше мәртебеге - мемлекеттік әрі ұлттық мәртебеге ие болуға лайықты әрі барлық мемлекеттік органдарда, ұйымдарда ұлттық мереке ретінде тойлануы тиіс. Үкімет депутат тарапынан жасалған осы ұсынысты қолдайды. Сондықтан да, заң жобасы бойынша Наурыз мейрамы наурыздың 21-23-і аралығында мерекеленетін болады. Ал Конституция күні ұлттық мереке болып жарияланып, Республика күнінің мәртебесі өзгертіліп, ол күн тек саяси маңызды күн ретінде ескерілетін болады», деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған Әділет министрі Зағипа Балиева.
Бірқатар пікірталастан кейін палата депутаттары заң жобасын мақұлдады. Енді құжат Парламент Сенатының талқылауына жіберіледі.

Nawrız meyramı üş kün toylanıp, Konstïtwcïya kün³ ulttıq mereke ret³nde jarïyalanadı, al Respwblïka kün³n³ñ märtebes³ özgert³led³ – zañ jobası

ASTANA. Nawrızdıñ 4-³. QazAqparat  - Büg³n QR Parlament³ Mäj³l³s³n³ñ jalpı otırısında palata depwtattarı «QR merekeler twralı zañına özger³ster eng³zw twralı» zañ jobasın maquldadı.
Zañ jobası boyınşa Nawrız meyramın nawrızdıñ 21-23-³ aralığında toylaw, Konstïtwcïya kün³n ulttıq mereke ret³nde jarïyalaw jäne Respwblïka kün³ märtebes³n özgertw közdelgen, dep xabarlaydı QazAqparat.
Ester³ñ³zge sala ketey³k, Memleket basşısı ötken jılı qazaq üş³n qad³rl³ bolıp tabılatın «Nawrız meyramın» jaña turpatta merekelew qajett³g³n aytıp, osı ³ske bastama kötergen bolatın. Osığan oray, Äd³let mïnïstrl³g³ «QR merekeler twralı» zañına özger³ster eng³zgen. Ol boyınşa zañ jobasında nawrızdıñ 22-s³n³ñ ornına nawrızdıñ 21-³ men 23-³ aralığın «Nawrız meyramı» memlekett³k merekes³ dep belg³lew közdeld³. Nawrız meyramın üş kün boyı merekelew onıñ jalpı adamzattıq qundılıqtardı bek³twdeg³ mañızın, Qazaqstan xalqınıñ b³rl³g³n nığaytwdağı röl³n moyındaw bolıp tabıladı.
Zañ jobasın talqılaw barısında depwtat Kenjeğalï Sağadïev üş tüzetw eng³zd³. Atap aytqanda, depwtat usınısı boyınşa Konstïtwcïya kün³ (tamızdıñ 30-ı) merekes³n³ñ memlekett³k märtebes³ne ulttıq meyram märtebes³n berw sonday-aq, Täwels³zd³k kün³ne (jeltoqsannıñ 16-sı) memlekett³k mereke märtebes³n berw qarastırıladı. Sonımen b³rge, merekeler t³zbes³nen Respwblïka kün³n (qazannıñ 25-³) alıp tastaw közdeled³. «Respwblïka Konstïtwcïyası b³zd³ñ memleket³m³zd³ñ neg³zg³ Ata zañı bolıp tabılatındıqtan bul kün erekşe märtebege - memlekett³k är³ ulttıq märtebege ïe bolwğa layıqtı är³ barlıq memlekett³k organdarda, uyımdarda ulttıq mereke ret³nde toylanwı tï³s. Ük³met depwtat tarapınan jasalğan osı usınıstı qoldaydı. Sondıqtan da, zañ jobası boyınşa Nawrız meyramı nawrızdıñ 21-23-³ aralığında merekelenet³n boladı. Al Konstïtwcïya kün³ ulttıq mereke bolıp jarïyalanıp, Respwblïka kün³n³ñ märtebes³ özgert³l³p, ol kün tek sayasï mañızdı kün ret³nde esker³let³n boladı», ded³ zañ jobası boyınşa bayandama jasağan Äd³let mïnïstr³ Zağïpa Balïeva.
B³rqatar p³k³rtalastan key³n palata depwtattarı zañ jobasın maquldadı. End³ qujat Parlament Senatınıñ talqılawına j³ber³led³.

 
Елбасы Ұлттық халық санағының басталуына орай үндеу жасады

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат Қазақстанда Ұлттық халық санағының басталуына байланысты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жасаған үндеуінің мәтінін ұсынады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлттық халық санағының басталуына орай үндеуі

Құрметті отандастар!

Ертең елімізде Ұлттық халық санағы басталады. Бұл акция Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері екінші рет өткізіліп отыр.
Өткен санақтан бері он жыл өтті. Өмір өзгерді. Жағдай өзгерді. Халық өзгерді. Бұл сондықтан еліміз үшін аса жауапты, әрі маңызды іс-шара болып табылады.
Бүгінгідей жаңа технология дами түсіп, ғылыми әлеует алдыңғы қатарға шыққан уақытта, әрбір мемлекет ең әуелі адам ресурсымен ерекшеленеді.
Адам ресурсы дегеніміз, ол – сіз бен біздер, Қазақстанның азаматтары. Ол – қоғамның басты байлығы, қозғаушы күші және дамуының қайнар көзі.
Кез-келген мемлекеттің экономикалық өсімі - халықтың санына, білімі, мәдениеті мен өмір сүру деңгейі және өзге де өлшемдер бойынша көрсеткіштерге тікелей байланысты болады.
Бүгінде әлемді алаңдатып отырған мынау қаржы дағдарысы, екінші жағынан алып қарағанда, жаңаланудың, жаңғырудың басы болады.
Экономиканың барлық салалары жаңа сатыға көтерілуге дайындықта. Дағдарыстан соң келетін мұндай өсу кезеңіне сай әр адамның жеке дайындығы болуы тиіс. Адам жаңармай, адам сауатты болмай, біз экономиканы жаңа сатыға көтере алмаймыз. Барлық елдер жаңғыруға ұмтылып жатқан уақытта, біз артта қалмауымыз керек.
Бұл орайда, тәуелсіздік жылдары біздің еліміздің қол жеткізген жетістіктері аз емес. Жаңаша өмір сүруде, жаңа сауатты ұрпақ тәрбиелеуде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Республика тұрғындарының жалақысы бұдан он жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда, бес есеге дейін өсті.
Қазақстан білім дамуының индексі бойынша Азия өңірінде бірінші орынға көтерілген болса, азаматтардың сауаттылығы деңгейі бойынша 177 елдің арасында 14 орынға ие. Бұдан халқымыздың сан жағынан да, сапа жағынан да жаңа деңгейге көтерілгенін көріп отырмыз.
Осындай жері бай, елі қазыналы, қызыр қонып, құт дарыған мекеннің иесі – сіздер мен біздер боламыз, қазақстандықтар. Сондықтан да халқымыздың өсіп-өркендеуі, мемлекетіміздің нығаюы – баршамыз үшін ең маңызды міндет.

Құрметті отандастарым!

Еліміздің өсіп-өркендеуі мақсатында, болашақты болжап, стратегиялық бағыттарымызды тағы да айқындай түсу үшін, халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін, мемлекетке ел, жер, экономика, әлеуметтік жағдай жөнінде нақты мәліметтер қажет.
Жалпы, елімізде алғашқы халық санағы өткен уақыттан бері әрбір жанұяда болсын, экономикамызда болсын, елеулі өзгерістер болғаны өздеріңізге аян. Осының бәрін тағы да айқындап алу үшін халықтың жаңа санағын өткізуге бел буып отырмыз.
Қадірлі отандастар, сіздерді Ұлттық халық санағына әрқайсыңызды Қазақстанның азаматы ретінде белсене қатысуға және оны ұйымшылдықпен өткізуге шақырамын!

 
Елбасы Ұлттық халық санағының сауалнама парақшаларын бірінші болып толтырды

АСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін ақпанның 25-і күні Қазақстанда Ұлттық халық санағы басталды. Бірінші болып санақ бланкілерін Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Үкімет мүшелері толтырды. Бұл туралы Ұлттық халық санағының басталуына арналған баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрайымы Анар Мешімбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, халық санағын өткізу үшін дайындық жұмыстары екі жыл жүргізілді. Бұл шараға мемлекеттік бюджеттен 6 миллиард теңге бөлінді. Алдын ала оқытылған 55 мың санақшы күнделікті таңғы сағат 8.00-ден 22.00-ге дейін он күн бойы, яғни наурыздың 6-сына дейін өздеріне белгіленген учаскелердегі үйлерді аралап, үш сауалнама парақшаларын толтыратын болады. Оның біріншісінде, пәтерде тұратын адамдардың жалпы саны, екіншісінде олардың тұрмыс жағдайы көрсетіледі. Ал 45 сұрақтан тұратын үшінші бланкті әр отбасы мүшесі толтырады. Бланкілер қазақ және орыс тілдерінде дайындалған. Санақшы үйіңіздің табалдырығын аттамас бұрын сол аймақтағы Статистика департаменті бастығының қолы мен мөрі басылған, өзінің суреті орналастырылған куәлігін көрсетуі тиіс. Оның нақты санақшы екендігін сондай-ақ 8 800 080 78 28 жедел телефон желісі арқылы да анықтауға болады.
Ал есігін ашуға қорыққан азаматтарға Статистика агенттігінің төрайымы аталмыш бланкілерді оқу орындары мен әкімшілік ғимараттарда орналастырылған стационарлық учаскілерге барып толтыруға кеңес берді. Республика бойынша ондай учаскелердің саны - 1674, Астанада – 69. Олардың орналасқан мекен-жайлары бұған дейін жергілікті газет беттерінде жарияланды.
Санақ күндері жол жүретін азаматтар, сондай-ақ теміржол, авто және теңіз вокзалдары мен әуежайларда орналасқан стационарлық бекеттерде тіркеуден өтетін болады. Шетелде тұратын және іссапарда жүрген қазақстандық азаматтар сол елде орналасқан елшілікке барып тіркеледі. Немесе жедел телефон желісі арқылы хабарлауына болады.
Жеке министрліктер мен ведомстволар өздерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің санағын мекеменің ішінде өткізеді. Оларды тіркеумен Статистика агенттігінің мамандары айналысады.
«Санақшылар толтырылған бланкілерді келесі күннің таңертеңінде өткізеді. Келесі күннің екінші жартысында осы күнге дейін республика бойынша қанша азамат санақтан өткендігі туралы есеп дайындалатын болады. Ұлттық халық санағының алдын ала нәтижелері үстіміздегі жылғы қыркүйек айында жарияланады», - деді А. Мешімбаева.

 
үгін таңғы 8-ден бастап 55 мың санақшы жұмыстарына кірісті – селекторлық кеңес

AСТАНА. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Қазақстанда екінші Ұлттық халық санағы басталды. Осыған орай Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің селекторлық кеңесінде мемлекеттік маңызы жоғары бұл шараның қалай басталып жатқандығына байланысты мәселелер талқылануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін таңғы сағат 8-ден бастап 55 мың санақшы жұмысқа шығып, өздерінің міндеттеріне кірісті. Еліміздің барлық өңірлерінде халық санағына байланысты дайындық жұмыстары аяқталды», - деді селекторлық кеңесте ҚР Статистика агенттігінің төрайымы Анар Мешімбаева.
Оның айтуынша, 10 күнге созылатын санақ кестесінің жоспары бекітіліп, пәтер иелері коопперативі басшыларымен жұмыстар жүргізілді. «Барлық санақшылар тегін жол жүру билеттерімен қамтамасыз етілді және барша аймақтарда ішкі істер департаменттерімен бірлескен жоспар әзірленді. Бұл арада мүдделі органдармен бірлескен жұмысқа үміт артамыз», - деді агенттік төрайымы.

 
<< Start < Prev 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Next > End >>

Page 7 of 16
  TKA 2008