TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler



Kazakistan
Kазақ мәдениетінің аса құнды жәдігерлерінің басым бөлігі Ресей мұражайларында жатыр (Qazaq mädenïet³n³ñ asa qundı jäd³gerler³n³ñ basım böl³g³ Resey murajaylarında jatır)

АЛМАТЫ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақ мәдениетінің аса құнды жәдігерлерінің басым бөлігі Ресей мұражайларында жатыр. Бұл туралы Алматыда өткен «Қазақтың мәдени ұлттық брендін қалыптастыру: тәжірибе және болашағы» деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Орталық мемлекеттік мұражай директоры Нұрсан Әлімбайдың айтуынша, Ресейдегі құнды бұйымдарды қайтаруға қазір мүмкіндік жоқ. Ресей Президентінің 1993 жылғы қаулысы бойынша мұражай мен мұрағаттардағы барлық жәдігерлер сол елдің меншігі саналады.
«Ресей мұражайларында жатқан қазақ мәдениетіне қатысты жәдігерлерді бір ауыз сөзбен айтып жеткізу қиын. Көне темір дәуірі немесе ертедегі көшпелілер мәдениетіне қатысты археологиялық жәдігерлер де түгелдей дерлік Ресей мұражайларында сақтаулы. Одан бергі кезеңдегі қазақ хандығы дәуіріне байланысты жазба деректер, мәдениеттің кейбір ескерткіштері Санк-Петербордағы Эрмитажда, Ресей этнографиялық мұражайында және Мәскеудегі тарихи мұражайда жатыр. Мәселен, Левинаның Алтынасар, Жетіасар мен Сыр өңіріндегі қазба жұмыстарында табылған бұйымдары түгелдей Мәскеуге әкетілген. Біз былтыр атақты Кунсткамера мен Ресей этнография мұражайына барып, сол жердегі мамандармен келісіп, ондағы қазақ мәдениетіне қатысты жәдігерлерді анықтадық. Кунсткамерадағы қазақ этнографиясына жататын жәдігерлердің саны 2,5 мың екен. Ол үлкен байлық. Және қандай дейсіз ғой. Ең сақталымы жақсы жәдігерлер. Оның ең құндысы алтынмен апталып, күміспен күптелген киіз үй. Сондай-ақ Ресей этнографиялық мұражайының арнайы қор деген деген бөлімінде еш жерде кездеспейтін қазақ сәукелесі жатыр. Бізге тек Эрмитаждағы қазақ мәдениетінің жәдігерлерін анықтауға рұқсат бермеді», - дейді Нұрсан Әлімбай. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі таңда Санкт-Петербордағы Ресей этнография мұражайында да халқымыздың ұлтық мәдениетіне қатысты 2,5 мың құнды заттар бар екені анықталып отыр.

Qazaq mädenïet³n³ñ asa qundı jäd³gerler³n³ñ basım böl³g³ Resey murajaylarında jatır

ALMATI. Aqpannıñ 20-sı. QazAqparat /Erl³k Erjanulı/ - Qazaq mädenïet³n³ñ asa qundı jäd³gerler³n³ñ basım böl³g³ Resey murajaylarında jatır. Bul twralı Almatıda ötken «Qazaqtıñ mädenï ulttıq brend³n qalıptastırw: täj³rïbe jäne bolaşağı» dep atalatın döñgelek üstel jïınında aytıldı,
dep xabarlaydı QazAqparat.
Ortalıq memlekett³k murajay dïrektorı Nursan Äl³mbaydıñ aytwınşa, Reseydeg³ qundı buyımdardı qaytarwğa qaz³r mümk³nd³k joq. Resey Prezïdent³n³ñ 1993 jılğı qawlısı boyınşa murajay men murağattardağı barlıq jäd³gerler sol eld³ñ menş³g³ sanaladı.
«Resey murajaylarında jatqan qazaq mädenïet³ne qatıstı jäd³gerlerd³ b³r awız sözben aytıp jetk³zw qïın. Köne tem³r däw³r³ nemese ertedeg³ köşpel³ler mädenïet³ne qatıstı arxeologïyalıq jäd³gerler de tügeldey derl³k Resey murajaylarında saqtawlı. Odan berg³ kezeñdeg³ qazaq xandığı däw³r³ne baylanıstı jazba derekter, mädenïett³ñ keyb³r eskertk³şter³ Sank-Peterbordağı Ermïtajda, Resey etnografïyalıq murajayında jäne Mäskewdeg³ tarïxï murajayda jatır. Mäselen, Levïnanıñ Altınasar, Jet³asar men Sır öñ³r³ndeg³ qazba jumıstarında tabılğan buyımdarı tügeldey Mäskewge äket³lgen. B³z bıltır ataqtı Kwnstkamera men Resey etnografïya murajayına barıp, sol jerdeg³ mamandarmen kel³s³p, ondağı qazaq mädenïet³ne qatıstı jäd³gerlerd³ anıqtadıq. Kwnstkameradağı qazaq etnografïyasına jatatın jäd³gerlerd³ñ sanı 2,5 mıñ eken. Ol ülken baylıq. Jäne qanday deys³z ğoy. Eñ saqtalımı jaqsı jäd³gerler. Onıñ eñ qundısı altınmen aptalıp, küm³spen küptelgen kï³z üy. Sonday-aq Resey etnografïyalıq murajayınıñ arnayı qor degen degen böl³m³nde eş jerde kezdespeyt³n qazaq säwkeles³ jatır. B³zge tek Ermïtajdağı qazaq mädenïet³n³ñ jäd³gerler³n anıqtawğa ruqsat bermed³», - deyd³ Nursan Äl³mbay. Onıñ söz³ne qarağanda, qaz³rg³ tañda Sankt-Peterbordağı Resey etnografïya murajayında da xalqımızdıñ ultıq mädenïet³ne qatıstı 2,5 mıñ qundı zattar bar eken³ anıqtalıp otır.

 
Алматыда 2011 жылғы YII Азия ойындары эмблемасының тұсаукесері өтті
АЛМАТЫ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат - Кеше Алматыда «Азиадаға дейін екі жыл» ұранымен өткен баспасөз мәслихатында 2011 жылы Астана мен Алматыда өтетін VII Азия ойындары эмблемасының ресми тұсаукесері болды. Ол көгілдір-қызыл түсті қар ұшқынына ұқсайды (мұз бен жарыс рухы жалыны), сондай-ақ уақытты көзге елестететін көшпелілер арбасының доңғалағы – үздіксіз қозғалыс символы бейнелейді. Эмблеманың үстіңгі оң жақ қабатында – жарқыраған күн бейнесі – барлық спортшылардың ынтымақтастығын білдіреді. Төрт түс үлгісі бекітілді: алтын, жақұт, лағыл және зүбәржат. Азиаданың кез келген баспасөз және сандық тасылым құралдарына салынатын логотипі жасалды және бекітілді. Баспасөз мәслихатында стендтер, баннерлер және жалаушалардың барлық бекітілген нұсқалары көрсетілді. Логотипті жасау жұмысы екі жылға созылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматыдағы Азиада-2011 дирекциясының жетекшісі Сұлтан Шоқпытовтың сөзіне қарағанда, «Медеу» спорт кешені мен «Шымбұлақ» демалыс орнын қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс 2011 жылға қарай аяқталады деп жоспарлануда.
Азия ойындарын өткізу үшін, Алматы іргесіндегі тау шатқалында жоспарланғандай - озық үлгідегі трамплин, шаңғы-биатлон стадионы, сондай-ақ Талғарға жақын жерден олимпиада ауылы салынады. Балуан шолақ атындағы спорт сарайын қайта жөндеу жұмыстары ұзаққа созылмайды, - деп атап өтті, ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті Павел Новиков.
Сондай-ақ П.Новиков ойдағыдай өнер көрсетуге қазақстандықтардың мүмкіндігі зор екендігіне тоқталды. Алдын ала болжамдарға қарағанда біз 25 медальға қол жеткізуге тиіспіз. Қалаға барлығы 1 мыңнан астам спортшы келеді деп күтіледі.
 
«ҚазАқпарат» агенттігі Қырғыз Үкіметі жанындағы Туризм жөніндегі мемлекеттік агенттіктің дипломымен атап өтілді

БІШКЕК. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Бішкекте ҚазАқпарат тілшісіне «Санта Клаус пен оның достарының ІІ халықаралық қысқы фестивалінің» жұмысын кеңінен таныстыруға белсенді атсалысқаны үшін Қырғыз Үкіметі жанындағы Туризм жөніндегі мемлекеттік агенттігінің дипломы табыс етілді.
Дипломды «ҚазАқпарат» агенттігінің өкіліне Агенттіктің алқалы отырысында вице-премьер Уктомхан Абдуллаева табыс етті.

 
700 жыл бұрын Орталық Азиядан әкелінген Құран Қытайдың мәдени мұраларының тізіміне енгізіледі
БЕЙЖІҢ. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Қытайдың Ескі қолжазбалар мен кітаптарды қорғау жөніндегі мемлекеттік орталығы елдегі Құранның байырғы қолжазбасын елдің мәдени мұраларының арнайы тізіміне қосу туралы Синин (Цинхай провинциясының әкімшілік орталығы) қаласының өтінішін қарауға кірісті.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл тарауға тарихи және мәдени тұрғыдан құнды саналатын 1912 жылға дейін шыққан қолжазба және баспа өнімдері енгізіледі. Ал айтылып отырған араб тіліндегі екі томдық Құран кітабы Цинхай провинциясының Сюньхуа-Салар автономиялық уезіндегі «Цзецзы» мешітінде сақталып отыр. Уездің атауы, ата-бабалары осыдан 700 жыл бұрын Цинхай-Тибет таулы ауданына қоныс аударған сүнниттік мәндегі исламды ұстанатын түркітілдес салар халқының атымен аталады.
 
Elbası Jarlığımen Qazaqstan Respwblïkasınıñ «Sırbar» sırtqı barlaw qızmet³ qurıldı (Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі құрылды)

ASTANA. Aqpannıñ 17-s³. QazAqparat – Elbası Nursultan Nazarbaev «Qazaqstan Respwblïkasınıñ ulttıq qaw³ps³zd³g³n nığaytw jäne barlaw qızmet³n odan är³ jet³ld³rw jön³ndeg³ şaralar twralı» Jarlıqqa qol qoydı, dep xabarlaydı QazAqparat Memleket basşısınıñ baspasöz qızmet³ne s³lteme jasap.
Osı akt³ge säykes, 2007-2012 jıldarğa arnalğan Qazaqstan Respwblïkası ulttıq qaw³ps³zd³k strategïyasınıñ neg³zg³ erejeler³n ³ske asırw, Qazaqstan Respwblïkasınıñ ulttıq qaw³ps³zd³g³n nığaytw jäne arnayı qızmetter³n³ñ qurılımın oñtaylandırw maqsatında, Qazaqstan Respwblïkasınıñ Prezïdent³ne t³keley bağınatın jäne esep beret³n memlekett³k organ ret³nde Qazaqstan Respwblïkasınıñ «Sırbar» Sırtqı barlaw qızmet³ qurıldı.
Osı Jarlıqpen Qazaqstan Respwblïkası Ulttıq qaw³ps³zd³k komïtet³n³ñ «Barlaw» qızmet³ taratıldı.
Qazaqstan Respwblïkasınıñ Ük³met³ne «Sırbar» qızmet³n materïaldıq-texnïkalıq, qarjılıq jağınan qamtamasız etw jäne üş ay merz³mde müddel³ memlekett³k organdarmen b³rlese otırıp, «Sırtqı barlaw twralı» jäne «Qazaqstan Respwblïkasınıñ keyb³r zañnamalıq akt³ler³ne ulttıq qaw³ps³zd³k mäseleler³ boyınşa özger³ster men tolıqtırwlar eng³zw twralı» Qazaqstan Respwblïkası zañdarınıñ jobaların äz³rlep, Qazaqstan Respwblïkası Parlament³ Mäj³l³s³n³ñ qarawına eng³zw jükteld³.

Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі құрылды

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және барлау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы актіге сәйкес, 2007-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік стратегиясының негізгі ережелерін іске асыру, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және арнайы қызметтерінің құрылымын оңтайландыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі құрылды.
Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Барлау» қызметі таратылды.
Қазақстан Республикасының Үкіметіне «Сырбар» қызметін материалдық-техникалық, қаржылық жағынан қамтамасыз ету және үш ай мерзімде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, «Сыртқы барлау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын әзірлеп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу жүктелді.

 
<< Start < Prev 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Next > End >>

Page 8 of 16
  TKA 2008