2

QazVac Қырғызстанда ресми түрде тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз 2021 (ҚазАқпарат) – Қазақстандық QazVac вакцинасы Қырғызстанда ресми түрде тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook парақшасында мәлім етті.

«QazVac Қырғызстанда ресми тіркелді», – деп жазды министр.

Еске салсақ, QazVac вакцинасының 25 мың дозасы Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде жеткізілген болатын.

Осыдан бір ай бұрын Президент Үкіметке QazVac-ты экспорттау мәселесін пысықтауды тапсырған еді.

Ал әлемге танымал The Lancet журналында «QazVac» вакцинасы туралы мақала шықты.

«The Lancet журналы отандық «QazVac» вакцинасын клиникалық зерттеудің 1-2 фазасының нәтижелері туралы мақаланы қабылдап, электрондық нұсқасын басып шығарды. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарын мақаланың жариялануымен құттықтаймын!», – деген болатын Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Автор: Есімжан Нақтыбай

Bu makaleyi paylaş

Share on facebook
Share on google
Share on twitter
Share on linkedin
Share on pinterest
Share on print
Share on email