1

Елімізде коронавирус вакцинасын алғандар саны 7,1 млн-ға жуықтады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек 2021 (ҚазАқпарат) – Қазақстанда коронавирус вакцинасының 1-компонентін 7,1 млн адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«2021 жылғы 15 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 7 160 129 адам вакцина салдырды, II компонентпен 5 982 331 адам», делінген хабарламада.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 916 736 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 814 080 адам екінші компонентін салдырған.

Екпе алудан екінші орында – Түркістан облысы. Өңірде 815 405 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 634 826 адам 2-компонентін егілген.

Үшінші орында Алматы облысы – 719 983 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 600 494 адам екінші бөлігін қабылдаған.

Bu makaleyi paylaş

Share on facebook
Share on google
Share on twitter
Share on linkedin
Share on pinterest
Share on print
Share on email