1

Қазақстан мен Францияның әскерилері жаһандық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 1 қазан 2021 (ҚазАқпарат) – Нұр-Сұлтан қаласында Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласовтың басшылығымен Францияның Ұлттық қорғанысы Жоғары зерттеу институты (IHEDN) мен Қазақстан Қорғаныс министрлігі өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Қатысушылар Қазақстан мен өңірдің қауіпсіздігін, қарулы күштерді жабдықтау шеңберіндегі ағымдық проблемаларды және перспективаларды талқылады.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан әскерінің өңірлік қауіпсіздікке байланысты дамуы, сондай-ақ бітімгершілік қызметке қатысуы туралы ақпарат ұсынылды.

IHEDN — Премьер-министр басшылық ететін мемлекеттік әкімшілік мекеме. Оның міндеті қорғаныс, сыртқы саясат, қару-жарақ және қорғаныс экономикасымен айналысатын Франция мен шет мемлекеттердің жоғары әскери және азаматтық басшылығының міндеттерін орындау біліктілігін арттыру болып табылады.

Bu makaleyi paylaş

Share on facebook
Share on google
Share on twitter
Share on linkedin
Share on pinterest
Share on print
Share on email