2

Қазақстанның 3 қаласында жылдамдығы жоғары 5G интернет қолжетімді болады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша 2021 (ҚазАқпарат) – Елімізде 5G интернет желісін орнатудың арқасында оның сапасы еселене түспек. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022-2023 жылдары елімізде 5G интернет желісі орнатылады. Біз 3 қалада 5G жүйесінің көмегімен жоғары санатты интернетті ұсынатын боламыз. Бүгінде еліміздің кейбір өңірлерінде интернет жылдамдығы жоғары, сол көрсеткіш барлық жерде болуы керек. Ал қазіргі бар 4G интернет желісінің сапасы бірнеше есеге дейін артады. Тиісінше елімізде жоғары жылдамдыққа ие интернет пайда болады. Қазірдің өзінде 4G-дің арқасында интернетте жаңа мүмкіндіктер, тіпті жаңа әлеуметтік желі пайда болып жатыр. Ал 5G интернет желісінің мүмкіндігі одан да көп», – деді Бағдат Мусин Хабар телеарнасында өткен «Национальный интерес» телебағдарламасының эфирінде.

Бұған дейін министр не себептен Қазақстанда телефон коды +997 нөміріне ауыстырылғанын түсіндіріп берген еді.

Сондай-ақ, Б. Мусин бала дүниеге келе салып автоматты түрде балабақша кезегіне қойылатынын хабардар етті.

Автор: Әли Ибраев

Bu makaleyi paylaş

Share on facebook
Share on google
Share on twitter
Share on linkedin
Share on pinterest
Share on print
Share on email