Kategoriler
Kazinform

Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша 2021 (ҚазАқпарат) – Қазақстан мен Өзбекстан оқу-жаттығу барысында әскери құрамаларды бірлесіп жедел өрістету тәсілдерін пысықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Қорғаныс министрінің Өзбекстанға ресми сапары аясында екі ел қорғаныс ведомстволарының басшылары генерал-лейтенант Мұрат Бектанов пен генерал-лейтенант Баходир Құрбанов «Термез» полигонында «Hamkorlik-2021» бірлескен оқу-жаттығуының белсенді кезеңін бақылады.

Оқу-жаттығудың жоспары бойынша жауынгерлік бөлімшелер іздеу-барлау іс-қимылдарын жүргізу, қарсыластың тұтқиылдан жасаған шабуылының алдын алу, жаудың мықты жасақтарының көзін құрту, шабуылға тойтарыс бере отырып, жоғары мобильді әскерилендірілген топтарды жою тапсырмаларын орындады.

Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізді

«Hamkorlik-2021» бірлескен оқу-жаттығуы екі елдің әскери құрамаларының өңірдегі жағдайдың ушығу қаупі артқан кезде түрлі оқу-жауынгерлік міндеттерді шешудегі өзара іс-қимыл деңгейін, сондай-ақ байланыс пен үйлесімділік дәрежесін арттыруға бағытталған.

Мұрат Бектанов пен Баходир Құрбановтың ресми келіссөздері барысында өңірлік және жаһандық қауіпсіздіктің соңғы уақыттағы сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлері талқыланатын тақырыпқа айналды. Оның ішінде Ауғанстандағы ахуал да бар. Одан бөлек, тараптар Қазақстан мен Өзбекстанның қорғаныс саласындағы өзара қарым-қатынастарының өзекті бағыттарын, әскери білім беру және кадрлар даярлау мәселелерін де қарастырды.

Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізді

Келіссөздер нәтижесінде екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы 2022 жылға арналған ынтымақтастық жоспары бекітілді. Жоспарда жедел және жауынгерлік даярлықтың бірлескен іс-шаралары, командалардың Қазақстан мен Өзбекстан аумағында Армия халықаралық ойындарына қатысуы, өзара тәжірибе алмасу сапарлары қамтылды.

Қазақстан мен Өзбекстан бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізді
Kategoriler
Kazinform

Нұрсұлтан Назарбаев жастардың есіне Алаш өсиетін салды

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша 2021 (ҚазАқпарат) – «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты республикалық жастар форумына үндеу жолдаған ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алаш көсемдерінің бірі Ахмет Байтұрсыновтың өсиетін еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ардақты менің достарым! Тәуелсіздікпен қатар дүниеге келген ұрпақ қазір «орда бұзар» 30-ға толып отыр. Буыны бекіп, қанаты қатайып, талай игілікті іске ұйытқы болар жасқа жетті. Туымызды биік ұстайтын, ұлтымызды ұлы мұраттарға бастайтын, сол тәуелсіздік ұрпақтары сендерсіңдер. Қай заманда да тарихты өздерің сияқты жалынды жастар, білімді азаматтар жасаған. Сендерге айтарым, әр кезеңнің өз қиындығы мен сынағы болады. Қазіргі күрделі ахуалды көріп отырсыңдар. Дүние мың құбылып тұр», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ Елбасы ол аумалы-төкпелі заманда елдік жүгін аудырмай алып шығу үшін білім мен ғылымға арқа сүйеу керектігін айтты.

«Осынау аумалы-төкпелі заманда тек білім мен ғылым қуған ел сенімді алға басады. Осы жолдан таймаңдар. Біз текті халықтың ұрпағымыз. Қанымызда қайсарлық, бойымызда батырлық, жүрегімізде жігер бар. Осы орайда Алаш қайраткерлерінің мына бір өсиеті ойыма оралып отыр. «Біз бай, білімді әрі күшті болуымыз керек. Бай болу үшін – кәсіп, білімді болу үшін – оқу керек. Ал күшті болу үшін – елдің бірлігі керек». Береке-бірлік барда алынбайтын асу, бағынбайтын белес жоқ», – деді Елбасы.

Н.Назарбаев атап өткендей, қазақ халқының ұлы жеңістерінің бәрі татулық пен тұрақтылықтың арқасында келген.

«Әлі де алға қойған асқақ армандарымыз, биік мақсаттарымыз көп. Қазақстанды озық 30 елдің қатарына қосу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы орайда жастарға зор үміт артамын. Сендерді ұлт мүддесі жолында аянбай қызмет етуге шақырамын. Егемендік халқымыздың ең қастерлі құндылығы екенін ешқашан ұмытпаңдар. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», – деп түйіндеді ҚР Тұңғыш Президенті.


Автор: Есімжан Нақтыбай

Kategoriler
Kazinform

Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының Төрағасы өкілеттігін Президентке тапсыру туралы шешім қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша 2021 (ҚазАқпарат) – Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының Төрағасы өкілеттігін тапсыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Елбасының Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

«Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының Төрағасы өкілеттігін тапсыру туралы шешім қабылдай отырып, партияны ел Президенті басқаруы керектігін атап өтті. Өкілеттікті беру рәсімі партия жарғысына сай жүзеге асатын болады» делінген хабарламада.

Kategoriler
Kazinform

Қазақстанда «Спутник Лайт» ресейлік вакцинасы өндірілуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша 2021 (ҚазАқпарат) – Еліміз көрші Ресейден «Спутник Лайт» вакцинасын әкелуге қатысты алдын ала келісім жүргізіп жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде ресейлік әріптестерімізбен «Спутник Лайт» вакцинасын жеткізу туралы келісім жүргізіп жатырмыз. Бұл екпенің «Спутник V»-дан айырмашылығы жоқ, тек бірінші компоненті бөлек», – деді А. Цой Үкімет үйінде тілшілердің сұрағына жауап бере тұра.

Министрдің айтуынша, әзірге аталған екпе түрін елімізге жеткізу мерзімі белгісіз.

«Сонымен қатар Ресей «Спутник Лайт» вакцинасын қанша көлемде ұсына алатыны туралы нақтылап жатырмыз. Себебі олардың ішкі нарығында да сұраныс бар. Ресей жағынан коммерциялық ұсыныс түсе сала, іске кірісетін боламыз. Бізге вакцина үлкен көлемде қажет емес, өйткені елімізде ревакцинация жүріп жатыр және оның өз кезеңі бар. Жалпы алғанда жаңа жылға дейін қайта вакцина алушылар үшін екпе көлемі жеткілікті», – дейді ол.

Сондай-ақ, А.Цой Қарағандыдағы фармацевтикалық кешенге «Спутник Лайт» вакцинасының тәжірибелік партиясы жеткізілгенін және бүгінде оны өзімізде өндіру жағы қаралып жатқанын жеткізді.

Бұған дейін ведомство басшысы «елімізде жаңажылдық корпоратив өткізуге рұқсат бар ма?» деген сауалға ж ауап берген еді.

Одан бөлек, министр Pfіzer вакцинасын алып жатқан жүкті әйелдер, емізулі аналар мен жасөспірімдердің жағдайы туралы айтты.


Автор: Әли Ибраев

Kategoriler
Kazinform

Қазақстанға Pfizer вакцинасының 645 мың дозасы жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша 2021 (ҚазАқпарат) – Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 645 мың дозасы әкелінді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықты коронавирусқа қарсы вакциналау жалғасуда. 1-компонентті 8,7 млн адам алды. Бұл тиісті ересек халықтың 76%-ын немесе 46%-ын құрайды. Екінші компонентті 70%-ын немесе жалпы халық санының 42,2%-ын қамтитын 7,9 миллионнан астам адам салғызды. Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 645 мың дозасы келіп түсті. Бүгінгі таңда 35 012 адам, оның ішінде 26 354 бала және 8 658 жүкті және бала емізетін әйелдер екпе алды», – деді ведомство басшысы.

Министр аталмыш вакцинаның түрін жеткізу апта сайын жалғасатынын атады.

«Тұмауға қарсы вакцинация іс жүзінде аяқталды. 2 миллион 500 мыңнан астам адам немесе халықтың 99,3% екпе алды. Жалпы халықтың 13%-ына және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы талап ететін деңгейге (кемінде 10%) жетті», – деді Алексей Цой.


Автор: Есімжан Нақтыбай

Kategoriler
Kazinform

Қазақстанның 3 қаласында жылдамдығы жоғары 5G интернет қолжетімді болады

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша 2021 (ҚазАқпарат) – Елімізде 5G интернет желісін орнатудың арқасында оның сапасы еселене түспек. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022-2023 жылдары елімізде 5G интернет желісі орнатылады. Біз 3 қалада 5G жүйесінің көмегімен жоғары санатты интернетті ұсынатын боламыз. Бүгінде еліміздің кейбір өңірлерінде интернет жылдамдығы жоғары, сол көрсеткіш барлық жерде болуы керек. Ал қазіргі бар 4G интернет желісінің сапасы бірнеше есеге дейін артады. Тиісінше елімізде жоғары жылдамдыққа ие интернет пайда болады. Қазірдің өзінде 4G-дің арқасында интернетте жаңа мүмкіндіктер, тіпті жаңа әлеуметтік желі пайда болып жатыр. Ал 5G интернет желісінің мүмкіндігі одан да көп», – деді Бағдат Мусин Хабар телеарнасында өткен «Национальный интерес» телебағдарламасының эфирінде.

Бұған дейін министр не себептен Қазақстанда телефон коды +997 нөміріне ауыстырылғанын түсіндіріп берген еді.

Сондай-ақ, Б. Мусин бала дүниеге келе салып автоматты түрде балабақша кезегіне қойылатынын хабардар етті.

Автор: Әли Ибраев

Kategoriler
Kazinform

2025 жылы кез келген мемлекеттік қызмет бес минуттың ішінде көрсетілуі тиіс – министр

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша 2021 (ҚазАқпарат) – 2025 жылы Қазақстанда кез келген мемлекеттік қызмет 5 минут аясында көрсетілуі тиіс. Бұл жоспармен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі күні мемлекеттік басқару жүйесі өзгерді. Бұрын тұтас мемлекеттік бағдарлама болса, қазір нақтыланған ұлттық жоспар бар. Ұлттық жобаның маған ұнайтын тұсы – нақтылық. Біздің саламызға келсек, «5 минуттың ішіндегі қызмет». 2025 жылы мемлекеттік қызмет смартфон арқылы 5 минуттың ішінде көрсетілуі тиіс. Яғни, үйде отырып ұялы телефон арқылы кез келген қызметті алу мүмкіндігін жасаймыз», – деді Бағдат Мусин Хабар телеарнасында өткен «Национальный интерес» телебағдарламасының эфирінде.

Сондай-ақ, министр мемлекеттік қызмет көрсету саласын автоматтандыру және цифрландыру салдарынан көптеген мамандар жұмыссыз қалмай ма деген қауіпке қатысты пікір білдірді.

«Қызмет көрсетуді жаңа платформаға көшіру екіжақты қарама-қайшылыққа әкелуі мүмкін. Бірінші қарама-қайшылық мемлекеттік аппаратқа қатысты, екіншісі – ІТ қауымдастық. Дегенмен 5 жылдың ішінде мемлекеттік қызмет функциясы цифрландыруға көшіп, сәйкесінше мемлекеттік бюджет қалтасына түсетін салмақ азаяды», – дейді ол.

Бұған дейін Б. Мусин бала дүниеге келе салып автоматты түрде балабақша кезегіне қойылатынын хабардар етті.


Автор: Әли Ибраев

Kategoriler
Kazinform

Нұрлан Нығматулин халықаралық парламенттік форум аясында екіжақты кездесулер өткізді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша 2021 (ҚазАқпарат) – Нұр-Сұлтан қаласында Тұңғыш Президент күні қарсаңында Парламент Мәжілісінің ұйымдастыруымен өткен «Елбасы. Тәуелсіздік. Парламент» атты халықаралық конференциясы шеңберінде Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтсақ, Әзербайжан Республикасы Милли Межлисі төрағасының орынбасары Адиль Әлиевпен жүздесуде парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері әңгіме өзегіне айналып, бауырлас елдер туыстығының ортақ ұстанымдары жан-жақты талқыланды.

Одан әрі Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысы Төрағасының орынбасары Сюрейя Бильгичпен кездесті.

Нұрлан Нығматулин халықаралық парламенттік форум аясында екіжақты кездесулер өткізді

Онда Палата Спикері біздің елдеріміздің басшылығының арасындағы өзара түсіністік пен достық негізіндегі бірлескен жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан және Түркия үлкен табыстарға қол жеткізгенін атап өтті.

Сонымен қатар, түркі тілдес мемлекеттерінің басшыларының қатысуымен Саммит өткенін, басқосу Түркі Әлемі үшін маңызы зор сәт болып, Саммит қорытындысы бойынша ұйым атауын «Түркі мемлекеттерінің ұйымы» деп өзгерту туралы тарихи шешім қабылданғанына назар аударды.

Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, бұл бауырлас мемлекеттер арасындағы байланыстарды одан әрі тереңдетіп, Түркі Әлемінің бірлігін нығайтуға бағытталған жұмыстарды Түркі елдер Парламенттік Ассамблеясы аясында одан әрі белсенді жалғастыратын болады.

Одан әрі Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығару палатасы Төрағасының орынбасары Одилжон Тожиевпен, Ресей Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының комитет төрағасы Леонид Калашниковпен кездесуде елдеріміз парламентшілерінің тұрақты кездесулері заңнамалық тәжірибе алмасуға серпін бере отырып, халықтарымыздың игілігі жолында тиімді іс-қимыл жасауға жол ашатынына сенім білдірді.

Нұрлан Нығматулин халықаралық парламенттік форум аясында екіжақты кездесулер өткізді
Нұрлан Нығматулин халықаралық парламенттік форум аясында екіжақты кездесулер өткізді
Нұрлан Нығматулин халықаралық парламенттік форум аясында екіжақты кездесулер өткізді
Нұрлан Нығматулин халықаралық парламенттік форум аясында екіжақты кездесулер өткізді
Kategoriler
Kazinform

Министр Аида Балаева Жапония Елшісімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша 2021 (ҚазАқпарат) – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямадамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

Өз кезегінде, Елші Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту және өзара тиімді қатынастарды нығайту туралы ниеттерін білдірді.

Министр Аида Балаева Жапония Елшісімен кездесті
Kategoriler
Kazinform

Аида Балаева Үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы рөлі туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша 2021 (ҚазАқпарат) –Оныншы рет өтіп отырған Ахаматтық форум қоғам тарапынан айтылған идеялар мен бастамаларды мемлекеттік органдардың жұмыс жоспарына енгізетіндей қауқары бар институтқа айналды. Шараның ашылуында сөз сөйлеген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева осындай ой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтық форум Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің «декларативтік-хаттамалық слеті» ғана емес. Кейбір бастамашыл адамдар айтқандай, қолданбалы идеялар мен бастамалар туындайтын, министрлер мен әкімдерді қоғам белсенділерімен тең дәрежеде бірлескен іс-қимылға жетелейтін, мемлекет ҮЕҰ-ны жекелеген әлеуметтік проблемаларды шешуге тартатын нағыз жұмыс процесі», -деген Аида Балаева өткен апта бойы бейіндік ҮЕҰ–мен тікелей диалогқа шығып, саладағы проблемаларды ашық талқылап, шешімін бірге іздеген әріптестеріне – министрлерге алғыс білдірді.

«Осылайша, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарының өміршеңдігін растап қана қоймай, осындай ашық кездесулердің қажеттілігіне, тиімділігі мен пайдалылығына назар аударылды. Егер шенеуніктер, бизнесмендер, коммерциялық емес сектордың кәсіпқойлары және сарапшылар бір-бірімен серіктес ретінде байланыс орната алса, саяси, экономикалық және әлеуметтік қателіктердің ықтималдығын күрт төмендейді. Осылайша дамудың берік негізі қаланады», – деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол форумға алғаш рет қатысып отырған ЕҚЫҰ, БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, Фридрих Эберт қоры, ЮНЕСКО, ЮСАИД сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдеріне алғыс білдірді.


Автор: Есімжан Нақтыбай