11

Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі өскен

АЛМАТЫ, 2021 жылдың 9 наурыз (ҚазАқпарат) — ҚР Ұлттық банк қаржы-несие жүйесі департаментінің директоры Жандос Шаймарданов ақпанда іскерлік белсенділік индексі 0.6 пунктке, яғни 49-ға дейін өскенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызмет көрсету саласында қаңтарда іскерлік белсенділік индексі 47,4 болса, ақпанда 49,2-ге көтерілген.

Құрылыс саласында қаңтарда 51,1-ден 47,4 ке азайған.

Өнеркәсіпте 49,4-тен 49-ға дейін төмендеген.

«Ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында (54.0), Нұр- Сұлтанда (52,2), Түркістан облысында (42,6) іскерлік белсенділік көрсеткіші артқан. Сондай-ақ, өткен айда кәсіпорындардағы бизнес белсенділік артқан. Инфраструктура, қаржы және несиеге қолжетімділік, сондай-ақ бизнесті қорғау жақсарған. Алайда, бизнеске кері әсер ететін өнімге және қызметке салынатын салықтық жүктеме сол күйінде қалып отыр»,-дейді Жандос Шаймарданов.

Алдағы 6 айда көрсетілетін қызмет индексі 24 болуы ықтимал. Бизнес климат индексі қаңтарда – 6 болса, ақпанда – 11,9 құраған.

Сауалнамаға барлығы 457 кәсіпорын: құрылыс саласынан – 66, өнеркәсіп саласынан – 175, қызмет саласынан – 216 кәсіпорын қатысқан.


Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Bu makaleyi paylaş

Share on facebook
Share on google
Share on twitter
Share on linkedin
Share on pinterest
Share on print
Share on email