logo_kazinform_130814

Алматыда түркі тілдес елдердің Бүкіләлемдік математика қоғамының ІІІ конгресі өтеді

АЛМАТЫ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат – Алматыда шілденің 1-і күні түркі тілдес елдердің Бүкіләлемдік математика қоғамының ІІІ конгресі өтеді.
Бұл туралы бүгін ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол Қазақтың әл- Фараби атындағы ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен өтті. Бұл жиында конгресс бағдарламасы бекітілді. Төрағаның айтуынша, конгресте Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, АҚШ және тағы басқа да елдердің жетекші ғылыми-зерттеу институттарының 600-ден астам ғалымдары баяндама жасамақ. Онда биыл отандық ғалымдардың Қазақстанға қайта оралуын, дүниежүзіне танымал ғалымдарды республиканың ғылыми-техникалық салаларына қатыстыру және Қазақстанның халықаралық имиджін көтеру мәселелері қарастырылғалы отыр.
Түркі тілдес мемлекеттердің бұл алқалы басқосуы ғалымдардың мемлекетаралық байланысын дамыту және оған ақпараттық технологияларды пайдалану мақсатын көздейді. Түркі тілдес елдердің математикалық қоғамы 1999 жылы құрылған болатын. Ол Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, Түркіменстан, Ресей, АҚШ және Еуроодақ мемлекеттерінің математиктерін біріктіреді. Түркі әлемі математиктерінің алғашқы конгресі 1999 жылы Түркияның Элазыг қаласындағы Fairat университетінде, ал екіншісі 2007 жылы Sakarya университетінде өткен еді.

Bu makaleyi paylaş

Share on facebook
Share on google
Share on twitter
Share on linkedin
Share on pinterest
Share on print
Share on email