Screenshot_3

Елордада түркі музыкасының «Астана арқау» фестивалі өтеді

АСТАНА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат – Астананың 10 жылдық тойында тұңғыш рет өткізілген «Алтын арқау» түркі музыкасының фестивалі биылғы қала күні мерекесінде тағы да жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шілденің 4-і мен 6-сы аралығында түркі халықтарының майталмандары Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрын түрлі музыкалық аспаптармен және әртүрлі әуендермен тербейтін болады. Былтыр қырғыз, өзбек, татар, башқұрт пен хақас және түріктің өнер тарландары Астананың тойын өз тойындай думанға бөлеген. Астана қалалық әкімдігі бұл фестивальді Еуразия төсіндегі жаңа астананың айнымас серігіне айналдыруды көздеп отыр.
Халықаралық мәдени қарым-қатынасты жандандырудың бір нышаны «Астана арқауда» өнер көрсететін алтай, тыва өнерпаздары шамандық әнді, ал Сыр бойының көмекей жыршылары қазақ әндерін жұптап, дайындалып жатыр.

Bu makaleyi paylaş

Share on facebook
Share on google
Share on twitter
Share on linkedin
Share on pinterest
Share on print
Share on email