1

Теннис: Қарағандыдағы халықаралық турнирде қазақстандықтар жеңіске жетті

ҚАРАҒАНДЫ, 22 қараша 2021 (ҚазАқпарат) – Қарағандыда 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Junior J5 халықаралық турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, қыздар арасында жекелей және жұптық сында қазақстандық спортшылар жеңіске жетті.

Финалда 14 жасар Іңкәр Дүйсебай ресейлік Мария Сысоеваны ұтты.

Бірінші партияда М.Сысоева басымдылық танытты – 6:4.

Есесіне екінші сетте Іңкәр қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ.

Шешуші, үшінші партияда есеп 4:4 болған мезетте І.Дүйсебай брейк жасап, сосын матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Осылайша Алматы қаласы теннис мектебінің түлегі биыл 18 жасқа дейінгілер арасында ITF сериясы бойынша екінші титулына қол жеткізді.

Жұптық сында Асылжан Арыстанбекова мен Әдемі Аманкелді соңғы бәсекеде ресейліктер Полина Скопинцева – Мария Сысоеваны 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.




Теннис: Қарағандыдағы халықаралық турнирде қазақстандықтар жеңіске жетті Бұл Асылжанның жұптық сындағы биылғы осындай үшінші табысы болса, Әдемі үшін бірінші чемпиондық атақ еді.

Бозбалалар арасында Ерасыл Ерділда финалда ресейлік Дмитрий Бурцевке 2:6, 3:6 есебімен есе жіберді.

Жұптық сында финалдық бәсекеде қазақстандықтар бас жүлдені сарапқа салды. Онда Ілияс Маратұлы мен Илья Ведмедь Е.Ерділда мен Александр Черномазды 3:6, 6:3, 11:9 есебімен ұтты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Бразилиядағы турнирдің жартылай финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

Теннис: Қарағандыдағы халықаралық турнирде қазақстандықтар жеңіске жетті

Автор: Елжан Ералы

Bu makaleyi paylaş

Share on facebook
Share on google
Share on twitter
Share on linkedin
Share on pinterest
Share on print
Share on email