TR  |  EN  |  RU
turkey turkey   azerbaijan kazakhstan kyrgyzstan turkmenistan uzbekistan kktc qha TAT BAŞQ
Ana Sayfa
Birlik Hakkında
Üye Haber Ajansları
Bildiri
Başkanın Mesajı
Tüzük
Haberler

Kazakistan
Республикада 7 мың 93 ауылдық елді мекен бар

АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат - 2009 жылғы қаңтардың 1-індегі мәліметтер бойынша республикада 7 мың 93 ауылдық елді мекен (АЕМ) бар. Бұл туралы бүгін Астанада ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша аталған 7 мың 93 АЕМ-нің ішінде 2 470-і жоғары даму әлеуетіне, 4 493-і орташа даму, 135-і төмен даму әлеуетіне сәйкес келеді және 27 елді мекендерде тұрғындар жоқ. 2008 жылы жүргізілген мониторингті талдау даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендердің үлесі артып келе жатқанын байқатты», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауылдық аумақтар істері жөніндегі комитеттің төрағасы Санат Тұңғышбеков.
Мәселен, 2007 жылмен салыстырғанда, 2008 жылы республика бойынша жоғары даму әлеуеті бар елді мекендер 629-ға артқан. «Атап айтқанда, жалпы даму әлеуеті жоғары АЕМ-дер санының өсуі Маңғыстау облысынан басқа 13 облыста байқалып отыр», - деді ол.
Оның айтуынша, аталған елді мекендердің халқының саны да жыл сайын өсіп келеді.
Атап айтқанда, 2004 жылы даму әлеуеті жоғары ауылдарда 1 миллион 827 мың адам немесе ауыл халқының 25,2 пайызы өмір сүрсе, 2009 жылдың басында бұл көрсеткіш 3 миллион 675 мың адамды немесе 49,6 пайызды құраған.

2010 жылы елімізде салық соттары құрылатын болады – Жоғарғы соттың судьясы

АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат - 2010 жылы елімізде салық соты қызметі жүзеге асырыла бастайды. Бұл туралы бүгін Жоғарғы сотта «Қазақстан Республикасының салық органдарының қатысуымен қаралатын істердің құқықтық аспектілері» атты тақырыпта өтіп жатқан семинар барысында Жоғарғы соттың судьясы Мәрзия Балтабай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз еліміздің әр облысында өзінің салық соты болғандығын қалаймыз. Бұл соттар салық саласындағы қарама-қайшылықтарды шешуге маманданулары керек. Уақыт та тығыз. Сондықтан біз бүгін оған жедел түрде, әрі тыңғылықты дайындалуымыз қажет», - деді судья.
Оның сөзіне қарағанда, салық соттары қызметін іске қосу біршама уақыттан бері көтеріліп келеді. Алайда елдегі қаржылық жағдайға байланысты ол көбіне құзырлы органдар тарапынан қолдау тапқан жоқ. «Соған қарамастан біз Бүкіәлемдік банк арқылы бұл жобаны келесі жылы жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», - деді М.Балтабай.

Алматыда «Өркениеттер диалогындағы түркі әлемінің рөлі» деп аталатын халықаралық симпозиум өтеді
АЛМАТЫ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Алматыда наурыздың 28-29 күндері «Өркениеттер диалогындағы түркі әлемінің рөлі» деп аталатын халықаралық симпозиум өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мәдени мұра» ұлттық жобасы аясында өтетін бұл шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы мен Мәдени саясат және өнертану институты бірігіп ұйымдастырып отыр. Мақсат - түркітілдес халықтардың мәдени мұрасын зерттей отырып, елдердің бірлігін арттырып, өзара қарым-қатынасын нығайту. Түркі халықтарының этногенезі, тарихы мен өнерін зерделеу саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту. Түркі мәдениетінің төл тарихы, ана тілі, тума өнері мен салт-дәстүрлерін насихаттау. Түркі елдерінің мәдени құндылықтарын зерттеу, қамқорлыққа алу және оларды әлемдік ауқымда түсіндіру. Бұл алқалы жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Түркия және Ресей елдерінің мәдениеттанушылары, саясаттанушылары, белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері қатыспақ. Екі күндік бұл симпозиумның қорытындысында «Алматы бастамасы» деп аталатын арнайы декларация қабылданады деп жоспарланып отыр.
 
«Еуразия жүрегінен» - «Air Astana» компаниясының «Алматы-Баку» бағытындағы жаңа рейсі ашылды

БАКУ. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат  - Бакуде «Новости-Әзербайжан» халықаралық баспасөз орталығында «Air Astana» компаниясының «Алматы-Баку-Алматы» бағыты бойынша жаңа рейсінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Air Astana» наурыздың 29-ынан бастап Алматы мен Бакудің арасында тұрақты әуе қатынасын бастайды. Бұл бағыт бойынша «Airbus А-320» әуе лайнері аптасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері ұшатын болады.
Компанияның Әзірбайжандағы менеджері Әділ Дәулетбектің хабарлауынша, жаңа рейсті ашудың қажеттілігі әлдеқашан пісіп-жетілген, себебі Қазақстан мен Әзірбайжанның арасындағы тату көршілік қарым-қатынас оңынан дамып келеді.

<< Start < Prev 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Next > End >>

Page 5 of 16
  TKA 2008