Kategoriler
Kazinform

Британияда жастарға коронавирус қасақана жұқтырылатын болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Британия жастарына коронавирус қасақана жұқтырылатын болады. Коронавирус қандай қан тобындағы адамдарға жиі жұғады? Әлемдегі жаңалықтар жөнінде Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі Қазақстан Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Британияда дені сау жастар коронавирус штамдарын өз еркімен жұқтыра алады. Бұл, COVID-19 вакциналары мен емдеу әдістерін тестілеу бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ. Ұлыбритания мұндай сынақтарды алғашқы болып мақұлдап отыр.

Алдағы аптада басталатын бағдарламаға 18-30 жас аралығындағы 90 адам қатыспақ. Оларға вирус бақыланатын және қауіпсіз ортада жұқтырылатын болады. Еріктілердің денсаулығын дәрігерлер үнемі қадағалап отырады.

Ресей ғалымдарының зерттеулері көрсеткендей, коронавируспен ауырғандардың арасында І қан тобындағы адамдар аз. Індетті көбіне II және IV қан тобы бар адамдар жұқтырады екен.

Германия 2021 жылы COVAX механизміне 1,5 миллиард еуро бөлмекші. Бұл туралы Германияның Сыртқы істер министрі Хайко Маастың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мәлімдеді.

Маас атап өткендей, ACT Accelerator жобасы іске қосылғаннан бері Германия 600 миллион еуро бөлген. Аталмыш жоба дамыған елдерде коронавирусты емдеуде монополияның алдын алуға және вакциналардың таралуына кепілдік береді.

Kategoriler
Kazinform

Коронавирус: Бір облыс – «қызыл», 5 өңір – «сары» аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі 18 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

18 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның бір облысы ғана «қызыл» аймақта қалған.
Ол – Павлодар облысы.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары тұр.
Қалған өңірлердің бәрі – «жасыл» аймақта.
Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.

Kategoriler
Kazinform

Қазақстан мен Өзбекстан тұрмыстық техника шығаратын кәсіпорын ашу туралы келісімге келді

ТҮРКІСТАН, 19 қаңтар (ҚазАқпарат) – Түркістанда Artel компаниясы 1 млн-ға дейін газ плитасын шығарады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Өзбекстанға жасаған іссапарында айтылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімінің Ташкент қаласының әкімі Джахонгир Артыкхуджаевпен өткен кездесуі барысында Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп тұрмыстық техника шығаратын кәсіпорын ашу туралы келісімге келді.

Көрші ел инвесторлары Түркістанның индустриалды аймағында газ плиталары мен су жылытқыш құрылғыларын өндірмек. Жоба аясында 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Техника бағасы да тұтынушы үшін қолжетімді болмақ. Түркістан облысының әкімі жобаны жүзеге асыру барысында әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін айтты.

«Достық қатынастарға негізделген Қазақстан – Өзбекстан ынтымақтастықтығы нығая түсуде. Бүгінгі жоба біраздан бері талқыланып келген. Бұл бірлескен жұмыстың басы ғана. Жалпы, Өзбекстандық инвесторлар Түркістан қаласына бірнеше өндіріс орнын ашуға қызығушылық білдіріп отыр», – деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев.

Artel компаниясы Түркістан облысында ас үй плиталарын, қалыптау бұйымдарын және электр су жылытқыштарын шығаратын зауыт салады. Айта кету керек, өткен жылдың соңында компания өкілдері Түркістан қаласына келіп, өңірдің инвестициялық ахуалы, экономикалық мүмкіндіктері және индустриалдық аймақтағы инвесторлар үшін жасалынған мүмкіндіктермен танысқан болатын.

Сонымен қатар, Өзбекстан еліне сапары барысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Чиназ ауданында болып, тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында бой көтерген тоқыма өнімдерін шығаратын ірі тігін фабрикасының ашылу рәсіміне қатысты.

Өмірзақ Естайұлы тігін индустриясын дамытып, шалғай жерлерде қажетті жұмыс орындарын құратынын жоба жетекшілерін облыс атынан құттықтады. «Qojakent Textile» компаниясы қысқа мерзім ішінде үкіметаралық өнеркәсіптік кооперация шеңберінде Түркістан қаласында тігін фабрикасын іске қосқаны белгілі.

Kategoriler
Kazinform

Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасының қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІІ съезі басталды

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов / – Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер  басшыларының ІІІ съезі  басталды,
Съезді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  ашты. Алқалы жиынға Дүниежүзілік   ислам лигасының Бас  хатшысы    Шейх Абдалла Бен Әбдел Мухсина Әт-Түрки,   Израиль  Мемлекетінің   Президенті Шимон Перес,    Сауд  Арабиясы Корольдігі  Консультативтік   кеңесінің  төрағасы Абдалла Әл аш-Шейх,  Әл-Азхар университетінің Жоғарғы имамы  Шейх Мұхаммад Саид Тантауи,   Діни  диалог    жөніндегі   Папа кеңесінің  президенті   Жан-Луи Торан,   Израильдің   бас ашкеназийлер   раввині Йона Мецгер,   Буддашылардың    дүниежүзілік   федерациясының вице-президенті Хамба лама Чойжилжавын Дамбажав,   Дүниежүзілік  лютерандар федерациясының  бас  хатшысы  Ишмаэль Ноко,   Констанинополь  патриархы  Варфоломей Біріншінің  өкілі  митрополит  Эммануил Адамакис,   БҰҰ Бас хатшысының  орынбасары Сергей Орджоникидзе  қатысуда.
 «Толеранттылыққа,    өзара құрмет пен ынтымақтастыққа  негізделген    әлемді  тұрғызудағы  діни  жетекшілердің рөлі»  тақырыбына арналған  бүгінгі съезд  жұмысының  пленарлық  сессиясында Мысыр Араб Республикасының өкілі, Кройдон Епископы, ЕҚЫҰ, Қытай даосистері қауымдастығының өкілдері, Түркия Үкіметі жанындағы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Әли Бардакоғлы, Қазақстанның Бас  мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі және басқа елдерден келген өкілдер баяндама жасайды деп күтілуде.
Пленарлық сессиядан кейін съезге қатысушылар «Астана маңындағы мыңжылдық» атты көшпелілер өркениеті фестивалінің көріністерін тамашалайтын болады. Ал кешке қарай Әлемдік және дәстүрлі діндер  басшыларының ІІІ-ші съезіне қатысушыларының  құрметіне орай Елбасының атынан қабылдау өтеді. Аталған алқалы басқосудың екінші күні, яғни шілденің 2-інде секциялық отырыстардың жұмысы басталады. Атап айтқанда, секциялар «Моральдық және рухани құндылықтар, әлемдік этика»,  «Диалог және ынтымақтастық», «Дағдарыс кезеңіндегі тілектестік» тақырыптарына арналмақ.  Сонымен қатар, осы күні кешкісін съездің жабылу рәсімі өтеді. Онда Елбасы сөз сөйлейді деп күтілуде. Съезд қорытындысы бойынша қатысушылардың үндеуін қабылдау жоспарланып отыр.

Kategoriler
Kazinform

Әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне 60-тан астам делегация қатыспақ

АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат  – Шілденің 1-2-сі күндері Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезіне діни және халықаралық ұйымдардың 60-тан астам делегациялары қатысады.
 Бұл туралы бүгін өткен апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 Оның айтуынша, Съезге қатысатын делегациялардың құрамында БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО және басқа да халықаралық ұйымдардың  өкілдері бар. Съезд барысында Ислам діні тарапынан Мысыр, Үндістан, Индонезия, Иран, Түркия, Ливия, БАӘ, Кувейт, Қытай, Ресей, Қырғызстан, АҚШ, Сауд Арабиясы және Пәкістан елдерінен Әл-Азхар университетінің Жоғарғы имамы Шейх Мұхаммед Саид Тантауи, Бүкіләлемдік Ислам Лигасының Бас хатшысы Шейх Абдалла Бен Абдель Мухсин Ат-Турки және Бүкіләлемдік Исламды уағыздау қауымдастығының Бас хатшысы Мұхаммед Ахмад аш-Шариф сынды белгілі діни тұлғалар қатысады деп жоспарлануда. Христиан конфессиясынан римдік – католиктік, орыс православтық, англикандық, константинопольдік православие, румындық православие және армяндық апостолдық шіркеу, Бүкіләлемдік лютерандық федерация өкілдері қатысуға ниетті екендіктерін білдірді. Ватиканнан дінаралық сұхбат жөніндегі Папа кеңесінің президенті, кардинал Жан Луи Торан, ағылшын шіркеуінен епископ Николас Бэйнс, Константинополь шіркеуінен Франция митрополиті Эммануель, лютерандық федерациядан Бүкіләлемдік лютерандық одақтың Бас хатшысы доктор Ишмаел Ноко бастаған делегациялар қатысады. Иудаизм делегацияларын Израильдің Ашкеназилік Бас раввині Иона Мецгер және Израильдің Бас сефард раввині Шломо Амар бастап келмек. Сонымен қатар Съезд жұмысына Қытай Халық Республикасы, Моңғолия, Жапония, Таиланд және Оңтүстік Корея елдерінен 5 будда дінінің өкілдері қатыспақ.
Делегацияларды дәстүрлі діндердегі синтоизм атынан  жапондық Синтоистік шіркеу қауымдастығының вице-президенті Цунекиё Танака, индуизмді – Индология және дінаралық сұхбатты зерттеу институтының төрағасы Шантилал Сомайя, даосизмді – қытайлық Даосизм қауымдастығының төрағасы Жэнь Фажун, ал зороастризмді  Бүкіләлемдік заратуштра мәдени мұрасы кеңесінің президенті Хоми Буржор Дхалла бастап келмек.
Съезге құрметті қонақ ретінде белгілі саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері шақырылып отыр. Олардың ішінде БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Еуропа бөлімінің Бас директоры Сергей Орджоникидзе, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо, Норвегияның бұрынғы Премьер-Министрі Кьелль Бондевик, БҰҰ Өркениеттер алянсы хатшылығының директоры Марк Шойер және тағы басқа лауазымды тұлғалар бар.
Съездің бірінші күні «Өзара құрмет пен ынтымақтастық және толеранттылық негізіндегі әлемді құрудағы діни көшбасшылардың ролі» атты пленарлық отырыс өтеді. Ал келесі күні іс-шара «Өнегелік және діни құндылықтар», «Сұхбат және ынтымақтастық», «Пікірлестік әсіресе, дағдарыс кезінде» атты үш бөлім бойынша жалғасады.
Форум қорытындысы бойынша III съезд қатысушыларының үндеуі қабылданбақ.
Съез аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік діндер көшбасшыларымен және құрметті қонақтармен бірқатар кездесулер өткізбек.

Kategoriler
Kazinform

Елордада түркі музыкасының «Астана арқау» фестивалі өтеді

АСТАНА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат – Астананың 10 жылдық тойында тұңғыш рет өткізілген «Алтын арқау» түркі музыкасының фестивалі биылғы қала күні мерекесінде тағы да жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шілденің 4-і мен 6-сы аралығында түркі халықтарының майталмандары Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрын түрлі музыкалық аспаптармен және әртүрлі әуендермен тербейтін болады. Былтыр қырғыз, өзбек, татар, башқұрт пен хақас және түріктің өнер тарландары Астананың тойын өз тойындай думанға бөлеген. Астана қалалық әкімдігі бұл фестивальді Еуразия төсіндегі жаңа астананың айнымас серігіне айналдыруды көздеп отыр.
Халықаралық мәдени қарым-қатынасты жандандырудың бір нышаны «Астана арқауда» өнер көрсететін алтай, тыва өнерпаздары шамандық әнді, ал Сыр бойының көмекей жыршылары қазақ әндерін жұптап, дайындалып жатыр.

Kategoriler
Kazinform

«Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі мен 1000 әні» жобасының таныстырылымы өтті

АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ – Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде аталмыш ведомство басшысының қатысуымен «Қазақтың музыкалық антологиясы «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі мен 1000 әні» жобасының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жобаның басты мақсаты – түпнұсқалық орындаудағы қазақтың дәстүрлі музыкалық шығармаларын жинақтап, дайындау, жарыққа шығару барысында ұлттық мәдениетіміздің тарихындағы ең ірі, теңдесі жоқ акцияны жүзеге асыру болып табылады. Игі бастаманы таныстыруға сондай-ақ қазақтың белгілі өнер қайраткерлері Ғалым Доскен, Сара Күзембаева, Талғат Мұқышев, Рамазан Стамғазиев, Біләл Ысқақов, Базархан Қосбасаров және БАҚ өкілдері қатысты.
«Қазақтың 5 мың күйі мен 10 мың әні бар деп айта бергеннен, олар бүгінгі ұрпақтың игілігіне айналмай отыр. Сондықтан оларды жинақтап, жүйелеу және оны халыққа ұсыну керек. Міне, осы мәселе төңірегінде ойлана келе, біз «Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі мен 1000 әні» жобасына кірісейін деп отырмыз. Министрлік тарапынан жобаға Асқар Бөрібаев жетекшілік етеді», – деп атап өтті ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед. Ведомство басшысының айтуынша, Қазақстанның жетекші музыкант мамандары, этнографтар, музыкалық зерттеушілер, әншілер мен продюсерлер қатыстырылатындықтан, бұл бастама үлкен жоба болайын деп отыр.
«Жоба барысында шетелдерге экспедициялар жасалып, ән мен күйлер жинақталады. Бұл үшін қаражат бөлінеді. Егер жобаның ынталы тобы мүшелерінің жинаған қоры бай, ән-күйлер саны көп болса, біз «1000 күй және 1000 әнмен» тоқталып қалмаймыз. Тағы бір айта кететін жайт, бұл жобаның бірнеше ерекшелігі бар. Біріншісі, аталмыш күйлер мен әндер CD таспаларына жазылады, ал екіншісі, партитура түрінде жарық көреді», – деп атап өтті ведомство басшысы.

Kategoriler
Kazinform

Алматыда түркі тілдес елдердің Бүкіләлемдік математика қоғамының ІІІ конгресі өтеді

АЛМАТЫ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат – Алматыда шілденің 1-і күні түркі тілдес елдердің Бүкіләлемдік математика қоғамының ІІІ конгресі өтеді.
Бұл туралы бүгін ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол Қазақтың әл- Фараби атындағы ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен өтті. Бұл жиында конгресс бағдарламасы бекітілді. Төрағаның айтуынша, конгресте Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, АҚШ және тағы басқа да елдердің жетекші ғылыми-зерттеу институттарының 600-ден астам ғалымдары баяндама жасамақ. Онда биыл отандық ғалымдардың Қазақстанға қайта оралуын, дүниежүзіне танымал ғалымдарды республиканың ғылыми-техникалық салаларына қатыстыру және Қазақстанның халықаралық имиджін көтеру мәселелері қарастырылғалы отыр.
Түркі тілдес мемлекеттердің бұл алқалы басқосуы ғалымдардың мемлекетаралық байланысын дамыту және оған ақпараттық технологияларды пайдалану мақсатын көздейді. Түркі тілдес елдердің математикалық қоғамы 1999 жылы құрылған болатын. Ол Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, Түркіменстан, Ресей, АҚШ және Еуроодақ мемлекеттерінің математиктерін біріктіреді. Түркі әлемі математиктерінің алғашқы конгресі 1999 жылы Түркияның Элазыг қаласындағы Fairat университетінде, ал екіншісі 2007 жылы Sakarya университетінде өткен еді.

Kategoriler
Kazinform

Ерейментаудағы түркі дәуірінің ғұрыптық «Қос батыр» ескерткішін зерттеу жұмыстары жүріп жатыр

АСТАНА. Маусымның 9-ы. ҚазАқпарат – Бүгін Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы Торғай ауылының маңында орналасқан түркі дәуірінің ғұрыптық «Қос батыр» ескерткішін зерттеу шараларына байланысты баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ескерткішті Президенттік мәдениет орталығының қызметкері Берік Әлібай анықтап, оны Ә. Марғұлан атындағы археологиялық институтының бас ғылыми қызметкері, түркітанушы Айман Досымбаева биылғы жылғы сәуір айында зерттеуді бастаған.
«Бұл ескерткішті «Қос батыр» деп бекер атамаған. Ол ғұрыптық ескерткіш, тастан қаланған төрт бұрышты екі қоршаудан тұрады. Екі қоршаудың шығыс жағында тастан қашалған екі батырдың мүсіні бар.
Бұл мүсіндер 7-8 ғасырға жатқызылып отыр. Мұндай ескерткіштер Моңғолияда, Алтайда, Оңтүстік Қазақстан, Жетісу аумағында және басқа өңірлерде бар», деді Айман Досымбаева.
Оның айтуынша, ескерткіш маңынан табылатын ыдыстар мен жебенің ұштарына қарап, оны хронология жағын тура дәлелдеуге болады. «Қазір қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ары қарай зерттеу жұмыстары барысында сол кездің мәдениеті туралы, кезеңі жайында толық ақпарат бере аламыз», деді А. Досымбаева.
Зерттеу жұмыстары жүргізілгенен кейін олардың ғылыми негіздемесі әзірленіп, «Мәдени мұра» бағдарламасына енгізу жоспарланып отыр.

Kategoriler
Kazinform

Ең қонақжай халық Еуропада венгрлер, Азияда қазақтар – Венгриядағы «Тұран» қоғамдық қорының төрағасы

АЛМАТЫ. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ – Ең қонақжай халық Еуропада венгрлер, ал Азияда – қазақтар. Оны Венгриядағы«Тұран» қоғамдық қорының төрағасы Биро Андраш бүгін Алматыда ашылған «Ғасырлардан кейінгі қауышу:
Қазақстан мен Венгрияның тарихи-мәдени байланыстары» деп аталатын фотокөрменің ашылу рәсімінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Көне далалық мәдениеттен бастау алатын халық болғандықтан, қазақ пен Венгриядағы мадиярлардың ұқсастықтары өте көп. Жақсылап бажайлап қараған адам антропологиялық ұқсастықтардың сыртында, этнографиялық, дәстүр-салттары, мінез-құлқындағы жақындастықты да айқын аңғара алады. Мадиярлар 1200 жыл бұрын Еуропадағы қазіргі қонысына келген. Одан бұрын олар Азиядағы көшпелі мәдениеттің иелері болған. Оны тіліндегі, дәстүріндегі сақталып қалған жұқаналар дәлелдейді. Көңілінің ашықтығы мен мәрттігі жағынан қазақтар мен Венгрия мадиярлары өте жақын. Біз – Еуропада ең қонақжай халық венгрлер, Азияда қазақтар деп айтамыз. Мен Қазақстандағы қазақтардың бойынан маған ұнамайтын ешнәрсе байқай алмадым. Бұл да екі халықтың ұқсастығынан шығар», дейді антрополог, «Тұран» қоғамдық қорының төрағасы және Венгрияның тарихи жаратылыстану мұражайының қызметкері Биро Андраш. Оның пайымдауынша, Венгрия мен Қазақстанды байланыстыратын ең алдымен тарихи, мәдени қандастық. Мәселен, Венгрияда жылқы ұстап, қымыз дайындайтын адамдар қазір де бар.
«Қазір біз мәдени салада үлкен жетістіктерге жеттік деп айта аламыз. Соңғы кезде ғылыми саладағы байланыстар да жандасып келе жатыр. Шаруашылық-экономикалық байланыстарды өркендетуге және Қазақстан экономикасын дамытуда венгрлердің үлесін арттыруға мүмкіндіктер өте көп», дейді 2006 жылдан бері Қостанай облысында Торғай өңіріндегі қазақтың мадияр руының генетикасын зерттеп жүрген Бир Андраш. Ол бұл зерттеуде екі халықтың генетикалық туыстығын ғылыми жаңа технологиялар арқылы дәлелдеп шығуды алдына мақсат етіп қойған. Оның қорытындысын енді маусымның 7-сі күні Алматы облысы Жамбыл ауданы Аққайнар ауылында өтетін «Ғасырлардан кейінгі қауышу: Қазақстан мен Венгрияның тарихи-мәдени байланыстары»

деп аталатын ғылыми-тәжрибелік конференцияда жан-жақты баяндап бермек.